Әрекет тізбегін көрсет
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Windows ОЖ әулетінде негізгі объектілермен жұмыс істеу
Сабақтың типі
Игерілген білімді бекіту сабағы
Сабақтың мақсаты
Операциялық жүйенің негізгі ұғымдарымен таныстыру: объект, белгі, жарлық, терезе, жұмыс үстелі.
Оқу ресурстары
Көрнекі құралдар
- Тірек-сызбалар
- Слайдтар
Таратпа материалдар
- Жұмыс дәптері
- Зертханалық жұмыстар
Негізгі әдебиеттер
- Н. Т. Ермеков — Операциялық жүйелер (оқу құралы).
- И. Яворский — Операциялық жүйелер (оқу құралы).
- Е. Қ. Балапанов — Информатикадан 30 сабақ.
Сабақтың кезеңдері
I. Оқу іс-әрекетінің мотивациясы
Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелерді нақтылау, оқушыларды тақырыпқа бағыттау.
II. Өткен сабаққа шолу
Интерактивті тақта арқылы тірек білімді еске түсіру
Мақсаты — оқушылардың өткен тақырып бойынша теориялық білім деңгейін анықтау.
Сәйкестік ойыны: сұрақ пен жауапты сәйкестендір
Сұрақтар
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
- Қолданбалы бағдарламалар дестесі дегеніміз не?
- DOS сөзі нені білдіреді?
- Каталог дегеніміз не?
- MS-DOS дегеніміз не?
- DIR командасының қызметі қандай?
- Каталогтың синонимі қандай?
Жауаптар
- A) Директория.
- B) Дискілік операциялық жүйе.
- C) Операциялық жүйе.
- D) Компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырып, түрлі командаларды орындау арқылы пайдаланушының машинамен жұмысын басқаруды жеңілдететін жүйелік бағдарлама.
- E) Файл аты, файл өлшемі, соңғы өзгерту уақыты мен күні, файл атрибуттары және файл туралы мәліметтер жазылатын дискідегі арнайы орын.
- F) Каталогтың мазмұнын көру.
- G) Белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы.
III. Жаңа білім беру
- Windows жүйесінің негізгі ұғымдарымен танысу.
- Windows жүйесіндегі негізгі объектілердің қызметтері.
IV. Бекіту
Мақсаты — жаңа тақырып бойынша алғашқы түсініктерді тиянақтау, білімді бекіту және оны практикада қолдану дағдыларын дамыту.
Жұмыс дәптерімен жұмыс
Компьютерде деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
-
Әрекет тізбегін көрсет:
- Компьютермен жұмысты баптау әрекеттерінің тізбегі.
- Компьютермен жұмысты аяқтау әрекеттерінің тізбегі.
- Тінтуірдің қай батырмасы негізгі, қайсысы қосымша екенін анықта.
II деңгей
Кітаппен жұмыс: Зертханалық практикум — Windows ОЖ (Е. Қ. Балапанов), 10-бет, I нұсқа тапсырмалары.
III деңгей
- «Менің компьютерім» қапшығы арқылы бағдарламаны іске қос.
- Компьютерде жаңа қапшық құр.
- Қапшықтарды, файлдарды және таңбашаларды жылжыту мен көшіру әрекеттерін орында.
- Өз қапшығыңды құр.
- Объектіні дискетке көшіру әрекетін орында.
- Құжаттарды жою және қалпына келтіру әрекетін орында.
- Себетті тазалау әрекетін орында.
V. Білімді бақылау, бағалау және қорытынды
- Сынып екі топқа бөлінеді.
- I топ оқушылары компьютерде практикалық жұмыс орындайды.
- II топ оқушылары «Кім жылдам?» ойынын ойнайды.
Үй тапсырмасы
- Windows жүйесінің жалпы сипаттамасы.
- Жұмыс үстелінде жаңа бума (папка) және файл құру.
- Windows жүйесінің негізгі объектілерінің қызметтері.