Темірдің маңызды қосылыстары
Сабақтың тақырыбы
Темір. Темірдің маңызды қосылыстары.
Сабақтың мақсаты
Темір металы және оның қосылыстары туралы білімді кеңейту: физикалық және химиялық қасиеттерін, халық шаруашылығы мен адам өміріндегі маңызын түсіндіру, сондай-ақ темірді өндіру үдерісіндегі экологиялық мәселелер туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері
- Мазмұндық: Темір элементін жан-жақты зерттеп, сипаттау арқылы оның қосылыстары, қасиеттері және маңызы туралы білімді жүйелеу және кеңейту.
- Сыни ойлау: Оқушы мәтінді оқып, зерттей отырып, темірдің қасиеттерін, табиғатта таралуын және қолданылуын дәлелді түрде сипаттау.
- Топтық жұмыс: Шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту үшін сұрақтарға жауап іздеу, талқылау жүргізу және қорытынды жасау.
Сабақтың форматы
Сабақтың түрі
Жаңа оқу материалын меңгертуге бағытталған кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдістері
- Топтастыру
- Кубизм
- «Бір айналым сөйлесу»
Кіріктірілетін пәндер
Тарих, география, биология, физика, әдебиет.
Дайындық кезеңі: мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Мұғалім мен оқушы алдын ала дайындалады: оқушы өзіндік жұмыс орындайды, ал мұғалім оқушының ізденгіштік қабілетін ескере отырып, жеке тапсырмалар ұсынады.
Пайдаланылған әдебиет
«Химия», 9-сынып оқулығы.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сынып үш топқа бөлінеді.
II. Қызығушылықты ояту
Темір десек, көз алдымызға шойын мен болат келеді. Егер жер бетінде темір жойылып кетсе, не болар еді? Көшелерде қорқынышты көрініс орын алар еді: теміржолдағы пойыздар да, жолдағы машиналар да жоғалар еді; көпірлер үйіндіге айналар еді; өсімдіктер солып, қурай бастар еді.
Адам ағзасындағы небәрі шамамен 3 г темір жойылса, тіршілік үдерістері тоқтап, адам өміріне қауіп төнер еді. Темірдің осындай маңызын академик А. С. Ферсман айрықша атап көрсеткен.
Тарихи ой: Геология мен металлургияның дамуына ықпал еткен белгілі зерттеуші Георгий Агрикола XVI ғасырда: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді» — деп жазған.
III. Мағынаны тану (Кубизм әдісі)
Топ мүшелері сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Әр топтан бір спикер шығып, тапсырманы қорғайды.
1) Суреттеу
Таңбасы, атом құрылысы, электрондық формуласы, периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі.
- I топ — химик түсіндіреді
- II топ — геолог түсіндіреді
- III топ — географ түсіндіреді
2) Сипаттау
Темірдің физикалық және химиялық қасиеттері.
- I топ — физик сипаттайды
- II топ — химик сипаттайды
- III топ — астроном сипаттайды
3) Зерттеу
Темірдің тарихы (тарихшы, биолог, медик көзқарасы арқылы).
4) Қолдану
Темірдің қолданылуы (экономист, әдебиетші, эколог тұрғысынан).
IV. Сабақты бекіту (жаттығу жұмыстары)
1-топқа тапсырма
Түрлендіру тізбектерін құрастырыңыз:
- a) Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 → FeO → FeSO4
- б) Fe → FeCl3 → Fe(OH)3 → Fe2O3 → Fe2(SO4)3
2-топқа тапсырма
Темірдің табиғаттағы минералдары ретінде FeO және FeS (пирит) берілген. Пирит құрамындағы темірдің массалық үлесін есептеңіз.
3-топқа тапсырма
Массасы 50 г темір(III) оксидін алу үшін темір(III) гидроксидінің қанша грамын қыздыру қажет екенін есептеңіз.
V. Ой толғаныс
Оқушылар «Темірдің пайдасы» тақырыбына эссе жазады және оқып береді.
VI. Қорытындылау
«Білемін — Үйрендім — Үйренгім келеді» (БҮҮ) кестесі арқылы сабақ қорытындыланады.
VII. Үй тапсырмасы
«Ағзаның тіршілік әрекетіндегі кейбір металдардың рөлі» тақырыбына мәнжазба дайындау.
VIII. Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына сәйкес білімдері бағаланады.