Бүгінгі таңнан осы уақытқа дейін болған бір мезетті еліктеу сөздерді пайдаланып қандай сөйлем айта аласыңдар

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы.

Пән, сынып, тақырып

Қазақ тілі, 6-сынып. Тақырып: Еліктеу сөз.

Оқу құралы

Қазақ тілі: Исаев К., Назарғалиева Ж., Дәулетбекова Ж. — Алматы: Атамұра, 2011.

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты

  • Еліктеу сөз туралы ұғым қалыптастыру.
  • Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығын және қолданылу ерекшелігін салыстыру.
  • Еліктеу сөздің құрамы мен жасалу жолдарын меңгерту.

Күтілетін нәтиже

  • Еліктеу сөздерді орынды қолдана алады.
  • Сөйлемде мағынасы мен қызметіне қарай дұрыс қолдана алады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал

2 минут
  • Сәлемдесу, оқушылардың көңіл күйін сұрау.
  • «Тілек ағашы» әдісін ұйымдастыру.
  • Шашылған пазлдар арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

2 минут
  • «Ыстық орындық» әдісін қолдану.
  • Әр топқа түрлі түсті шариктер тарату; сары түсті шарик алған оқушыны ортаға шығару.

Өткен сабақпен байланыс және жаңа тақырыпқа көшу

Білу · Түсіну

Интерактивті тақта арқылы оқушылар қар үстімен жүрген адамның аяқ дыбысын және өзеннің ағып жатқан үнін тыңдайды. Осы дыбыстар негізінде еліктеу сөздердің ерекшелігіне назар аударады.

  • Жаңа тақырыпты оқып, негізгі ұғымдарды ментальды картаға түсіру.
  • Тақырып ашылғаннан кейін топтық бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек».

Қолдану

9 минут

Тапсырма: «Бүгін таңертеңнен осы уақытқа дейін болған бір сәтті еліктеу сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар».

Мұғалім тапсырманың орындалуын ұйымдастырып, бақылау жүргізеді.

Шығармашылық жұмыс

1 минут

«Жайлауда» тақырыбы бойынша суретпен жұмыс: көріністі сипаттап, еліктеу сөздерді орынды қолдану.

Талдау тапсырмалары (деңгейлік)

A деңгейі

Бибігүл, Замира, Дания, Алуа, Құмар

  1. Төмендегі еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметін анықтаңдар: қайсысы сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр, қайсысы жеке, қайсысы тіркесіп келген?

«Шошаң қағып, бет алды тасырлағаныңа үрейім ұшпайды!... Сәлменді қақ бастан үш-төрт рет тарс-тарс, періп-періп жіберді. Ашқарақ азулары сақ-сақ етті... Суық қар араласқан жылы тамақты қомағайланып, қылқ-қылқ жұтады. Ашулы тістер сытыр-сытыр, қарш-қарш шайнасады...»

М. Әуезов

B деңгейі

Дана, Дильназ, Айгүл

Дүрс, дір, қаңқ, тарс, зу еліктеу сөздерінен қандай сөз таптарын жасауға болады? Мысал келтіріңдер.

C деңгейі

Алдияр, Мадияр

Абай өлеңдерінің үзінділерінен еліктеу сөздерді тауып, олардың білдіріп тұрған мағынасын және қандай тұлғада тұрғанын анықтаңдар.

Ескерту

Қажет болған жағдайда жоспардың толық нұсқасын жүктеп алуға болады.