БАЛАҚАЙ интеллектуалды топ аралық сайысҚош келдіңіздер

«Балақай» интеллектуалды топаралық сайысқа қош келдіңіздер!

Біз бұл сайысқа дайынбыз, достар! Өзіміздің қандай күшіміз бар екенін көрсетеміз. Алға қойған мақсатымыз ортақ. Сапарымыз әрдайым сәтті болсын!

Армандарға қол созып келеміз,
Өмір теңіз — жүзіп келеді кемеміз.
Біліммен қаруланған тобымыз,
Қарсылықты қалайда жеңеміз.

«Күншуақ» тобы

Сайысқа қатысушылар

«Үй жақсы ма, бақша ма?..» (Ф. Оңғарсынова)

Қызықпын-ау өзім де,
Мақтанарым шамалы.
Үйге келген кезімде,
Кеткім келмей қалады.

Мұнда қызық әрқашан,
Келем сосын әрқашан.
Үй жақсы ма, бақша ма?
Білмей жүрмін сол жағын.

Екеуіне сондықтан
Ортақ бала боламын:
Күндіз ойнап бақшада,
Үйге келіп қонамын.

Таныстыру

Қатысушы

Өзін таныстыру

Өзімді бүгін таныстырсам сізге,
Азаматтың үш жасар бір гүлімін.
Абылғазының немересі — Кәусармын,
Жеті рудың періштесі — Табынымын.

Негізгі ой

Арман мен қиял сәби шақтан басталады. Балабақша — білімге апаратын алғашқы баспалдақ.

Қояр биік талабы,
Ашық-жарқын қабағы —
Тәрбиеші апайдың
Қызықтырар сабағы.

Қатысушы

Өзін таныстыру

Менің атым — Аружан.
Еркесімін үйімнің.
Әкімжанның айдай сұлу қызымын,
Руым — Жанғылыштың Шүйітімін.

«Мен бақшаға барамын» (Қадыр Әлімқұлов)

Шашымды да тарадым,
Айнаға да қарадым.
Ерте тұрдым ұйқымнан —
Мен бақшаға барамын.

Қуыршақты аламын,
Қолдорбама саламын.
Әзір менің дәптерім,
Қарындашым мен қаламым.

Балабақша — байтағым,
Күліп-ойнап қайтамын.
Ән саламын, би билеп,
Тақпақты да айтамын.

Қатысушы

Өзін таныстыру

Атым — Айда, сұрасаңыз.
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкемнің аты — Арманбек, асқар тауым,
Пана болып, біздерге жүз жасаңыз.

Ұстазға құрмет

Ұстазым — Әдемі апай, аяулы адам. Бізден бар білгенін аямаған. Осындай ұстаздардың арқасында көпшіліктің көңілі толады.