Үйректің балапанын қарастыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білімдік аймағы

Шығармашылық

Бөлімі

Мүсіндеу

Тақырыбы

Үйрек балапанының мүсіні

Мақсаты

Білімдік мақсат

Балалардың үлкен–кіші, көп–аз ұғымдарын, сондай-ақ дөңгелек және сопақша пішіндер туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық мақсат

Ермексазды домалату, бармақпен шымшып созу дағдыларын үйретуді жалғастыру.

Тәрбиелік мақсат

Ермексазбен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар

  • Үйрек балапанының ойыншығы
  • Тауық пен үйректің суреті
  • Көл бейнеленген сурет
  • Ермексаз, тақтайша, шүберек

Қостілді компонент

Балапан

птенчик

Шөже

птенец

Үйрек

утка

Іс-әрекет кезеңдері

1) Шаттық шеңбері (№65) — «Күннің нұрын алайық»

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын қимылмен көрсетуді ұсынады.

Қимыл-өлең

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік шоғын алайық.

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға сыйлайық.

2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Әңгімелесу (сурет бойынша)

  • Сұрақ: «Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?» Тауық пен үйректі.
  • Түсіндіру: «Бұлар — үй құстары.»
  • Сұрақ: «Ал олардың балаларын қалай атайды?» Балапан.
  • Нақтылау: Тауықтың балапаны — шөже, ал үйректің балапаны — балапан.
  • Салыстыру: Тауық пен үйрек — үлкен, ал шөже мен балапан — кіші.
  • Дыбыстау: Балалар тауық пен үйректің дауысын салады.

Үйрек балапанын қарастыру (тақтада 2 үлгі)

  • Бірінші үлгі: үйрек балапанының толық суреті.
  • Екінші үлгі: пішіндер арқылы берілген бейне — басы дөңгелек, денесі сопақша.
  • Балалар ауада дөңгелек пен сопақшаны сызып көрсетеді.

Мүсіндеуге кіріспе

Бүгін балалар ермексаздан үйрек балапанын мүсіндейді. Балапанның түсі — сары, сондықтан сары түсті ермексаз алынады.

Жұмыс тәсілі (2 бөлік)

  1. 1 Кіші бөлік — басы: ермексазды домалатып, дөңгелек пішін жасаймыз.
  2. 2 Үлкен бөлік — денесі: домалатып, алақанға салып аздап басып, сопақша пішін жасаймыз.
  3. 3 Тұмсығы мен құйрығы: бармақпен шымшып, созып шығарамыз.

Ескерту: Тәрбиеші балаларға жеке көмек көрсетіп, жұмыс барысында ұқыптылық пен тазалықты қадағалайды.

Ұсақ моторикаға арналған жаттығу

Қазым, қазым қаңқылда,

Қазым, қазым, қаңқылда.

Көлде жүзіп саңқылда,

Жем шашайын, жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?

Жоқ, жоқ, жоқ!

Кәмпит — тәтті, болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш.

3) Рефлексивті-түзетушілік

Қайталау сұрақтары

  • Бүгін ермексаздан не жасадық? — Балапан.
  • Қай құстың балапаны? — Үйректің.
  • Неше бөліктен жасадық? — Екі бөліктен: басы мен денесі.
  • Денесін жасау үшін не істедік? — Домалатып, алақанмен бастық.
  • Тұмсығы мен құйрығын қалай жасадық? — Шымшып, созып жасадық.

Қорытынды әрекет

Балалар жасаған балапандарын көл суретіне орналастырып, «көлге жібереміз».