Кемел келешек кілті - білімде тақырыбындағы Жас дарындар апталығына белсене қатысқан жас ақындар

Мектеп — киелі ұғым

І жүргізуші

Мектеп деген — киелі ұғым, ғажап ат. Оның тынысы мен тіршілігі ғаламат. Бала шақтан болашаққа ұмтылған талай азамат осы ордадан түлеп ұшты.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! «Кемел келешек кілті — білімде» атты мектебіміздің дарынды оқушыларын марапаттау кешіне қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші

Школьный мир неповторим! Детство и юность вместе с ним растят нас и учат жизни, открывают наши души милосердию и добру, дарят каждому звезду.

Уважаемые родители, учителя, учащиеся! Мы рады приветствовать вас на празднике, посвященном чествованию одаренных учащихся школы.

Білім — елдің басты байлығы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында адамның елдің басты байлығы екенін атап өтіп, білім беру, денсаулық сақтау және өмір сапасын жақсартудың маңызын ерекше көрсетті.

«Ұлт болашағы — білімді ұрпақ қолында» деген сөз бүгінгі жас — ертеңгі елдің мызғымас тірегі екенін айқындайды. Сондықтан олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы — ел дамуындағы аса маңызды фактор.

Бүгін біз қала, облыс, республика деңгейінде мектебіміздің абыройын арттырып жүрген білімді, дарынды, өнерлі, талантты шәкірттерімізді мақтанышпен марапаттау үшін жиналдық.

Итак, внимание: в нашем зале — участники второго традиционного «Парада звезд»: призеры городских, областных, республиканских и международных олимпиад, интеллектуальных игр, конкурсов научных проектов, творческих и спортивных соревнований.

Парад жұлдыздары: олимпиада жеңімпаздары

Құрметіне дарындардың тік тұрыңыздар! Бүгінгі салтанатты мерекеде үздіктерді қарсы алыңыздар!

Қалалық пән олимпиадасы

  • Информатика — II орын

    9 «А» сынып: Алиякпаров Дәндібек. Пән мұғалімі: Оразбаева Б.М.

  • Орыс тілі мен әдебиеті — жүлделі орындар (жыл сайын)

    9 «А» сынып: Орымбаева Сара. Пән мұғалімі: Баймұқанова С.Ш.

  • Тарих — III орын

    9 «А» сынып: Маратова Аида. «Ұлттық ою-өрнектер» тақырыбындағы шығармашылық жобаның авторы. Пән мұғалімі: Есмұрзина Г.А.

  • Химия — II орын

    9 «А» сынып: Қазбек Анар. Қалалық интеллектуалдық сайыста Алғыс хат, облыстық ғылыми жоба байқауына қатысушы, «Байқоңыр ғарыш айлағының құрылу тарихы» жобасының авторы. Пән мұғалімі: Күлжабаева С.К.

  • Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс сыныптары) — II орын

    8 «В» сынып: Оксенюк Виолетта. Қазақстандық интернет-олимпиада қатысушысы. Пән мұғалімі: Досмағамбетова Ж.А.

  • География — интернет-олимпиада қатысушылары

    7 «А» сынып: Оспанов Алихан, Әбдірасыл Нұржан. Пән мұғалімі: Алданазарова К.А.

«Парасат» зияткерлік сайысы

Облыстық «Парасат» зияткерлік сайысының жеңімпаздарын қошеметпен ортаға шақырамыз. (Оқушылар тізімі көрсетіледі.)

Өнерлі өрендер

Мәнерлеп оқу

6 «Б» сынып: Төлеева Қаракөз — «Мен Отанымды, Тәуелсіз Қазақстанды жырлаймын!» қалалық байқауының жеңімпазы. Мұғалімі: Ташетова Г.Б.

Фестиваль

«Тәуелсіздік — мерейім» фестивалі: III дәрежелі диплом иегерлері — Рыспаева Сымбат, Сейтжан Дана, Әлімбетова Гаухар. Мұғалімі: Ташетова Г.Б.

Патриоттық ән

Қалалық патриоттық әндер байқауының бас жүлдегері — 7 «А» сынып оқушысы Жеңісова Гаухар.

Спорттық жетістіктер

Жеңімпаздарымызды қарсы алыңыздар! Бұл — еңбектің, тәртіптің және табандылықтың нәтижесі.

Жүлдегерлер тізімі

  • Таэквондо

    6 «А» сынып: Қалжанов Ораз — Жезқазған (I орын), Павлодар (II орын), Болгария (I орын), Түркия (I орын).

  • Бокс

    7 «А» сынып: Бақыт Қаныш — облыстық турнирдің қола жүлдегері, Жезқазған ашық біріншілігі (I орын).

  • Бокс

    7 «А» сынып: Қуанышбеков Ердәулет — Жезқазған (қола), Рудник (күміс), 2011 ж. Жезқазған ашық біріншілігі (I орын).

  • Каратэ-до (киокушинкай)

    9 «Б» сынып: Базылбеков Нұрқанат — Жезқазған (күміс), Қарағанды облысы (I орын), Астана халықаралық жарысы: «Ең үздік спортшы».

  • Еркін күрес

    8 «Б» сынып: Ибрагимов Әділхан — Жезқазған (I орын), 2011 ж. ашық біріншілік (қола).

  • Таэквондо

    5 «Б» сынып: Темірбаева Дана — Жезқазған ашық біріншілігі (I орын).

  • Бокс

    9 «Б» сынып: Сейдіғалиев Дияр — Қарағанды облысы (II орын), Сәтбаев (күміс), Жезқазған (I орын).

  • Дзюдо, самбо, қазақша күрес

    9 «Б» сынып: Хабаров Ерқанат — Жезқазған ашық біріншілігі (I орын), мектептің өзін-өзі басқару ұйымының басшысы.

  • Кикбоксинг

    9 «Б» сынып: Рахметолла Бекасыл — Жезқазған (күміс), Тараз (Қазақстан чемпионаты, күміс), Қарағанды облысы (I орын), «Қазақмыс» жүлдесі (I орын).

  • Бокс

    8 «Б» сынып: Ахметов Асхат — Қарағанды облысы (I орын), Жезқазған (I орын).

  • Еркін күрес

    8 «Б» сынып: Құдайберген Абылай — Жезқазған ашық біріншілігі (қола).

  • Баскетбол

    Қалалық ашық біріншілік (II орын): 8 «Б» — Қалиева Томирис, 9 «Б» — Сакенова Жаңагүл.

  • Каратэ-до (киокушинкай)

    9 «Б» сынып: Тілләханов Дәулетхан — Сәтбаев (күміс), Рудник (күміс), Жезқазған (күміс).

  • Еркін күрес

    Советов Сұлтан — Жезқазған ашық біріншілігі (күміс).

  • Еркін күрес

    6 «Б» сынып: Әліпбек Ғасыр — Жезқазған ашық біріншіліктері (қола, күміс).

  • Еркін күрес

    Мергентай Диас — Жезқазған ашық біріншіліктері (күміс, қола).

  • Таэквондо

    5 «А» сынып: Абдулла Дат — Қарағанды облысының ашық біріншіліктері (күміс, қола), жүлделі орын.

  • Грек-рим күресі

    Хасен Құсайын — Қарағанды облысының ашық біріншілігі (қола).

Марапаттау сәті

І жүргізуші

Мектептен бір елі ажырамай жүрген өздеріңіздей жандардың жүрегі жақсылыққа жаралған. Құрметпен сөз берелік: дарындарға арналған тілегіңізді айтыңыз!

Дарындарымызды марапаттау үшін сөз кезегі мектеп директоры К.Р. Жолдыбаеваға беріледі.

Марапатталатындар

  • «Парасат» жеңімпаздары

    I–V орын иегерлері.

  • «Жас дарындар» апталығының белсенді қатысушылары

    Жас ақындар мен өнерпаздар марапатталады.

Жас дарындар (әдебиет, өнер)

  • Жақан Әдемі (4 «А»)

    «Отаным — Қазақстан» өлеңдер жинағының авторы. Мұғалімі: Үңгітбаева Н.Р.

  • Оразбек Арсен (5 «А»)

    Мұғалімі: Омарова А.Б.

  • Қанаш Рымжан (9 «А»)

    Мұғалімі: Қазанғапова В.О.

  • Жандарбекова Арайлым (11 «А»)

    Мұғалімі: Ташетова Г.Б.

  • Қасымбекова Асылжан (2 «А»)

    Жас әнші. Сынып жетекшісі: Ершаева Қ.Т.

  • Жалғас Айдын (4 «А»)

    Жас сөз шебері. Мұғалімі: Үңгітбаева Н.Р.

Құттықтау және концерттік бағдарлама

ІІ жүргізуші

И это чудо в этом зале — каких мы школьников собрали! Здесь море умных, чистых глаз. Здесь молодость чарует нас. Для всех, кто этот миг так долго ждал, — он наступил, радостно наступил…

Мы от всей души поздравляем вас с вашими достижениями. Желаем, чтобы и в дальнейшем вы достигали новых высот!

І жүргізуші

Бойларыңызда от барын байқадым, жүректеріңізде шоқ барын байқадым. Сол шоқты өшірмей, жалындатып, әрдайым биіктей беріңіздер!

Қарсы алыңыздар: «Ақ тілек» әнімен 2 «А» сыныбының оқушысы, жас әнші Қасымбекова Асылжан.

Озаттарға арналған ән-шашу

«Дүние ойдан шығады, өзімді-өзім ұмытып. Көңілім әнді ұғады, жүрегім бойды жылытып…» Озат оқушыларымыздың құрметіне келесі ән-шашу ұсынылады.

Ән: «Мектебім»

Орындайтын: Жеңісова Гаухар

Жас сөз шеберлері және рухани сәт

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты — мен жастарға сенемін!» — деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, жас сөз шебері, болашағы жарқын дарындардың бірі 4 «А» сынып оқушысы Жалғас Айдын ортаға шақырылады.

«Тәуелсіздікті жырлаймын» — мәнерлеп оқу

1-оқушы

Білімнің қайнар бұлағы, өнердің жарқын шырағы. Тұрағы өзің, мектебім, шәкірттің асыл қырағы.

2-оқушы

Мектебім — мәңгі бапкерім, қарызбыз саған бәріміз. Өзіңе деген парызды ақтаймыз талай әлі біз.

3-оқушы

Тәуелсіз Қазақстан — байтақ жерім, қуаныш құшағында бүгін елім. Балалар аманатын алға тартар жас ұрпақ алдарыңда міне бүгін.

Мектеп әнұраны

Мектептің әнұраны хормен орындалады.

Ата-ана сөзі — ақ тілек

Ата-анаға қымбат — бала. «Естілмесе жаман аты» деп тілейді. Бүгінгі күні ата-аналарға сөз беріп, дарындарға айтар аманатын тыңдаймыз.

Ата-анаға сөз

______________

Қорытынды

ІІ жүргізуші (қазақша)

Ұрпағы текті елдің ұландарына әрдайым сенеміз. Келешек ғалымдар да, даналар да — өздеріңізден шығатынына кәміл сенімдіміз.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Кемел келешек кілті — білімде» атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші өз мәресіне жетті. Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемел болсын!

ІІ жүргізуші (орысша)

Закончился очередной праздник — праздник чествования одаренных детей школы. И чем больше звезд под именем «Я» зажжется в нашей школе благодаря участию в разнообразной внеклассной жизни, тем ближе мы к главной цели воспитательной системы: личностному росту и развитию каждого ученика.