Гүл сағағы

8–9-сыныптар арасындағы сыныптан тыс іс-шара

«Жас биолог – 2018» интеллектуалды сайысы

Жүргізушінің құттықтау сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! 8–9-сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық «Жас биолог – 2018» сайысымызға қош келдіңіздер!

Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,

— Тұрмағамбет Ізтілеуов

Осы нақыл сөзді арқау ете отырып, білім сайысына белсене қатысатын сайыскерлер мен әділқазылар алқасын таныстырайық.

Сайыскерлер

Төмендегі тізім мәтіндегі бастапқы нұсқаға сай берілді (аты-жөні көрсетілмеген).

  1. 18-сынып оқушысы
  2. 28-сынып оқушысы
  3. 39-сынып оқушысы
  4. 49-сынып оқушысы
  5. 59-сынып оқушысы
  6. 68-сынып оқушысы

Әділқазылар алқасы

  • Жаратылыстану бірлестігінің жетекшісі: аты-жөні көрсетілмеген
  • География пәнінің мұғалімі: аты-жөні көрсетілмеген
  • Мектеп психологі: аты-жөні көрсетілмеген

Сайыстың құрылымы

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең оқушылардың білімін, логикасын және пәндік терминдерді меңгеру деңгейін жан-жақты бағалауға бағытталған.

I кезең

Кім білгір?

II кезең

Сенесіз бе, сенбейсіз бе?

III кезең

Терминдер аукционы

IV кезең

Бұл қандай ғылым?

V кезең

Төртінші артық

VI кезең

Қорытынды бөлім

Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды.
Химия пәнін сүйсең сен,
Ортаға сал барыңды.

Қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайыстың алғашқы турын бастаймыз.

I кезең: «Кім білгір?»

Бұл кезеңде әр оқушы өз таңдаған бөлімі бойынша 10 сұраққа жауап береді. Оқылған сұраққа толық жауап берген қатысушыға 1 ұпай беріледі.

Ендеше, іске сәт!

Зоология бөлімі

  1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы

    Ихтиология

  2. Балықтың зәр шығару мүшесі

    Бүйрек

  3. Денесінің түсін тез өзгерте алатын қабыршақтылар отрядының өкілі

    Құбылғы

  4. Африка түйеқұсының саусағы

    Екеу

  5. 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі

    Көнеқұс

  6. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын мүше

    Көкет (диафрагма)

  7. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер

    Түрпі

  8. Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі

    Келес

  9. Қосарлы тыныс алатын жануарлар

    Құстар

  10. «Құрттар топырақтан, шыбындар шіріген еттен пайда болады» деп есептеген ғалым

    Аристотель

Анатомия бөлімі

  1. Адам денесіндегі буындар саны

    230

  2. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без

    Гипофиз

  3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру

    Қант диабеті

  4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы

    Амнезия

  5. Қан құрамындағы жасушалардың бірі

    Лейкоциттер

  6. Түсті ажырата алмау ауруы

    Дальтонизм

  7. Оқу кезінде кітап көзден қанша қашықтықта болуы керек

    30–35 см

  8. Қан айналымының бір толық айналымына кететін уақыт

    27 секунд

  9. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар

    Гормондар

  10. Арқа омыртқаларының саны

    12

Ботаника бөлімі

  1. 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен алғаш көрген ғалым

    Роберт Гук

  2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер

    Балдырлар

  3. Біржасушалы талшықты балдыр

    Хламидомонада

  4. Фотосинтездегі хлорофиллдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым

    К. А. Тимирязев

  5. Жапырақ сағағына ұқсас, гүлдің жіңішкерген бөлігі

    Гүл сағағы

  6. Пішіні малдың тұяғына ұқсас

    Діңқұлақ

  7. Қостанайдың далалы аймағында орналасқан қорық

    Наурызым қорығы

  8. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның Қызыл кітабы жарық көрген жыл

    1981 жыл

  9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым

    Ботаника

  10. 1920–1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым

    Ж. Күдерин

Ұйымдастырушы туралы

Тоқмансай негізгі мектебі

Химия–биология пәндерінің мұғалімі: Жакудина Әлия