Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу
Сабақ тақырыбы: анимация және мультимедиа
Бұл сабақта Microsoft PowerPoint бағдарламасында слайд элементтерін анимациялау және мультимедиялық мүмкіндіктерді (дыбыс, музыка, бейне) тиімді қолдану жолдары қарастырылады.
Мақсаты
- Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосуды үйрену.
- Білімді жүйелеу, бекіту және жаңа материалды түсіндіру.
- Сауаттылыққа және ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге баулу.
Әдістері
- Түсіндіру
- Ой қозғау
- Мағынаны ашу
- Өз бетімен жұмыс
Көрнекіліктері
- Компьютер
- Сызбалар
Міндеттері
Логикалық ойлауды дамыту арқылы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін және шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу.
- Ұқыпты және ынталы болуға дағдыландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақ-жауап және қысқа практикалық тапсырмалар арқылы білім деңгейі анықталады.
III. Жаңа сабақ: PowerPoint-та анимация және мультимедиа
Microsoft PowerPoint бағдарламасында әртүрлі анимациялық эффектілер мен мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану арқылы презентацияны көрнекі әрі әсерлі етуге болады. Мәтін элементтерін әріп, сөз, сөйлем немесе абзац бойынша әртүрлі эффектімен шығатындай баптауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар графикалық объектілерге және диаграммаларға да анимация қосуға болады.
Слайд элементтеріне анимация қосу
- 1 Слайдты көрсету → Анимация қосу (Показ слайда → Настройка анимации) командасын орындаңыз.
- 2 Ашылған сұхбат терезесінде әр элементтің уақыты мен ретін өзгертуге, сондай-ақ анимациядан кейінгі түсін немесе қосымша эффектілерін баптауға болады.
- 3 Уақыт (Время) бетіне өтіп, Анимациясы жоқ объектілер (Объекты без анимации) тобынан қажетті элементті таңдап, Қосу (Включить) батырмасын басыңыз.
- 4 Бірнеше элементке бірден анимация қосу үшін Ctrl пернесін басып тұрып әрқайсысын белгілеңіз немесе әрекетті әр элементке жеке қайталаңыз.
Анимация ретін және уақытын баптау
Анимация қосылғаннан кейін таңдалған элементтер Анимациялар тізімі (Порядок анимации) өрісінде көрінеді. Оң жақтағы басқару батырмалары арқылы элементтердің пайда болу ретін өзгертуге болады: қажетті элементті таңдап, жоғары/төмен батырмаларын басыңыз.
Көру (Просмотр)
Эффектілерді бақылау үшін Көру батырмасын басып, анимацияның орындалуын алдын ала қарап шығыңыз.
Уақыт (Время)
Элементтің шығуын тышқанды шерту арқылы немесе автоматты түрде белгілі бір уақыттан кейін орындалатындай етіп орнатыңыз.
Мультимедиа: дыбыс, музыка және бейне
Презентация көрсету кезінде музыкалық және дыбыстық эффектілерді, сондай-ақ бейнеклиптерді қолдануға болады. Кейбір дайын дыбыстар Анимациялар эффектілері (Эффекты анимации) құралдар тақтасынан іске қосылады (мысалы, жазба машинкасының дыбысы, қол шапалақтау және т.б.).
Кірістіру мәзірі арқылы енгізу
Коллекциядағы материалдарды қолдану үшін Енгізу → Кино және дыбыстар (Вставка → Кино и звуки) мәзірінен қажетті команданы таңдаңыз:
- Коллекциядағы кино (Кино из коллекции)
- Файлдан кино (Кино из файла)
- Коллекциядағы дыбыс (Звук из коллекции)
- Файлдан дыбыс (Звук из файла)
- Компакт-дискіден жазба (Запись из компакт диска)
- Дыбыс жазу (Записать звук)
Егер Коллекциядағы кино немесе Коллекциядағы дыбыс командалары таңдалса, Microsoft Clip Gallery сұхбат терезесінің сәйкес Бейне (Видео) немесе Дыбыс (Звук) беті ашылады. Қажетті файлды таңдап, Енгізу (Вставить) батырмасын басу арқылы слайдқа кірістіруге болады.
Ойнату тәсілін баптау
Әдетте көрсету режимінде дыбысты немесе видеоны тыңдау/көру үшін оның шарт белгісін екі рет шерту керек. Ойнату параметрлерін өзгерту үшін шарт белгісін ерекшелеп, Анимация қосу (Настройка анимации) командасын орындаңыз. Ашылған терезеде Таңдау параметрлері (Параметры воспроизведения) беті арқылы керекті баптауларды таңдаңыз.
Үздіксіз ойнату
Үнсіз келісім бойынша емес, қажет болса Непрерывное воспроизведение опциясын қосыңыз.
Аяқталған соң басына қайту
После окончания установить на начало опциясын белгілеп қойыңыз.
Объект ретінде енгізу (әмбебап ойнатқыш арқылы)
Дыбыс пен бейнені әмбебап ойнатқыш (универсальный проигрыватель) объектісі ретінде пайдалану үшін Енгізу → Объект (Вставка → Объект) командасын орындап, Мультимедиа клипі (Клип мультимедиа) жолын таңдаңыз. Бұл жағдайда ойнату Windows жүйесімен бірге орнатылған ойнатқыш арқылы жүзеге асады және мультимедиа файлдарын, сондай-ақ компакт-дискілер мен бейнедискілерден ойнатуды қолдайды.
IV. Сабақты бекіту
Төмендегі сұрақтар арқылы жаңа тақырып бекітіледі:
- 1 Анимациялық эффектілер деген не?
- 2 Анимациялық эффектілерді қосу әрекеті қалай орындалады?
- 3 Мәтін элементтеріне (әріп, сөз, сөйлем, абзац) анимациялық эффектілер қосуға бола ма?
- 4 Графикалық объектілер мен диаграмма элементтеріне эффектілер қалай қосылады?
V. Бағалау
Оқушылардың жұмысы мен жауаптары оқу мақсатына сай бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы
PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін зерттеп, анимация және мультимедиа қолданылған қысқа презентация дайындау.