Саусақтарын бояу

Коучинг сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Сабақтарда диалогтік оқыту әдістерін қолдану.

Жалпы мақсаты

Ұстаздарды өз сабақтарында диалогтік оқыту әдістерін қолдануға үйрету және оны тәжірибеде пайдалануға ынталандыру.

Оқу нәтижесі

Қатысушылар диалогтік оқыту әдістерін игеру не үшін қажет екенін және бұл дағдыларды қалай оқыту керектігін түсінеді.

Түйінді идеялар

Диалогтік оқыту — мұғаліммен және басқа оқушылармен өзара әрекет арқылы оқушының белсенділігін қамтамасыз ететін әрі түсінігін тереңдететін маңызды құрал.

Жаттығулар

1) «Алақанға жан бітір» ойыны

Ұзақтығы: 3 минут

Жылыту жаттығуы

Нұсқаулық

  • Қатысушылар альбом парағына өз алақанын сызып салады.
  • Алақанға «жан бітіріп», ауыз, көз және басқа бөлшектерді бейнелейді.
  • Саусақтарын бояп, әр саусаққа ерекше есім ойлап тауып жазады.
  • Соңында неге дәл солай атағанын қысқаша түсіндіреді.

Мақсаты

Қатысушыларды ашық әңгімеге тарту, бір-бірін тыңдау мәдениетін қалыптастыру және диалогке жұмсақ түрде енгізу.

Нәтижесі: танысу мен пікір білдіру қауіпсіз ортада іске асады, қатысушылардың сөйлеу белсенділігі артады.

2) Топқа бөліну және орналасу

Ұзақтығы: 3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Қатысушылар мақал-мәтелдер арқылы топтасады. Әр адамға бір мақал беріліп, бірдей немесе мағыналас мақалдар бір топқа бірігеді.

«Білгенім — тоғыз, білмегенім — тоқсан тоғыз»

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес!»

«Екі шал бірін-бірі бала депті»

«Төртеу түгел болса, төбедегі келер; алтау араз болса, ауыздағы кетер»

«Бес саусақ бірдей емес»

3) Бағалау

Қалыптастырушы бағалау тәсілдері

Кері байланыс

Бағалау құралдары

  • Топ ішінде смайликтер арқылы бағалау (жауап толық / жауап толық емес).
  • Табыс критерийлері бойынша бағалау.
  • «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі.

Неге маңызды?

Бағалау қатысушылардың пікірін нақтылауға, бір-біріне қолдау білдіруге және диалогті жақсартуға бағыт береді.

Ұсыныс: критерийлерді алдын ала келісіп, бағалауды қысқа әрі нақты тұжырымдармен жүргізіңіз.

4) Ой қозғау

Бейнематериал арқылы диалогті талқылау

Талқылау

Бейне: «Разговор двух близнецов».

Тапсырма: бейнеден диалогтің ерекшеліктерін байқаңыз (тыңдау, сұрақ қою, жауаптың нақтылығы, өзара түсіністік) және топ ішінде қысқаша талқылаңыз.