Жаз мезгілі туралы әңгімелету

Әдебиеттік оқу · 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбеков — «Еліктің лағы»

Бұл сабақ жоспары оқушылардың мәтінді жан-жақты талдауына, негізгі ойды анықтауына және өз пікірін ашық қорғауына бағытталған. Топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастық, ауызбіршілік және жауапкершілік дағдылары дамиды.

Мақсаты

  • Шығарманы жан-жақты талдату арқылы негізгі ойды түсіндіру.
  • Топпен жұмыс арқылы ынтымақтастық пен ауызбіршілікке тәрбиелеу.
  • Жеке пікірді қалыптастырып, оны дәлелдеп қорғауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

  • Мәтінді зерттеп, талдап, негізгі ойды анықтай алады.
  • Өз бетінше шешім қабылдап, ойын еркін жеткізуге дайын болады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Кіріспе

Амандасу

Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау — сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.

Топқа бөлу

Түрлі түсті стикерлер арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

2) Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

  • 1 жылда неше мезгіл бар?
  • Әр мезгілде неше ай бар?
  • Көп ұзамай келетін қай мезгіл?

Оқушыларға жаз мезгілі туралы әңгімелетіп, ойларын еркін айтқызу.

Суретпен жұмыс

1-сурет

Жаз мезгілінде алаңсыз су ішіп тұрған елік.

2-сурет

Қашып бара жатқан елік.

Талқылау сұрақтары

  • Суреттерден нені байқап тұрмыз?
  • Еліктердің тыныштығын не бұзды деп ойлайсыңдар?

Еліктер аңшының оғынан үркіп қашуы мүмкін. Аңшылық — қазақ халқының ұлттық кәсіптерінің бірі. Енді аңшылықтың бір қыры сөз болатын «Еліктің лағы» мәтінімен танысамыз.

II. Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты түсіндіріледі. Шығарманың авторы — Мамытбек Қалдыбеков. Ол балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Бүгін солардың бірі оқылады.

Мәтінді оқу

Мәтін мұғалімнің жетекшілігімен немесе кезектесіп оқылады.

Сөздік жұмыс

Шоқы
Тік, биік төбе.
Нысана
Көздеп ататын жер.
Қарауыл
Күзет.

Топтық жұмыс

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ мәтіннің өз бөлігін оқып, түсініп, мазмұнын талдайды және бөлімге ат қояды.

1-топ

1-бөлім

2-топ

2-бөлім

3-топ

3-бөлім

Сергіту сәті

Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Бұрынғы гүлімізге барайық.

III. Ой толғаныс

Сұрақ-жауап (Блум таксономиясы)

Оқушыларға сұрақ-жауап парағы таратылады. Тапсырмалар мәтінді түсіну, талдау және қорытынды жасау деңгейлерін қамтиды.

Суретпен жұмыс және өлең құрастыру

«Еліктің лағы» тақырыбы бойынша суретке сүйене отырып шағын сипаттама және өлең жолдарын құрастыру.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Бойы қандай?
  • Көзі қандай?
  • Өзі қандай?

Өлең құрастыру үлгісі

.... лағым... бұлағың.
Су іше ғой, қанеки...... тұрамын.

Үш топ өз бөлімдерін түсініп оқып, әр бөлімге атау береді.

Түсіндіру арқылы бекіту

Оқушылар 1, 2, 3 сандары бойынша қайта топтасады. Әр оқушы өз бөлігін жаңа топқа түсіндіріп береді. Кейін бастапқы топтарына қайта оралады.

Сергіту сәті

Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Бұрынғы гүлімізге барайық.

Бағалау

Сұрақ-жауап парағы негізінде бағалау жүргізіледі. Кері байланыс ретінде оқушылардан:

  • Бүгінгі сабақта не ұнады?
  • Не қиын болды немесе не ұнамады?

Үй тапсырмасы

1) Мәтінді түсініп оқу.