Алматы облысы, Жаркент қаласы, А. В. Луначарский атындағы орта мектеп - гимназияматематика пәнінің мұғалімі Сарикова Гульнара АбилкасымовнаТоптамадағы сабақтар тізімі

Мұғалім туралы мәлімет

Алматы облысы, Жаркент қаласы, А. В. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі — Сарикова Гульнара Абилкасымовна.

Топтамадағы сабақтар тізімі

  1. 1

    Туынды және оның қолданылуы

    Тақырыпты қолдану арқылы есеп шығару дағдыларын бекітуге бағытталған.

  2. 2

    Рационал бөлшектерді қосу және азайту

    Ережелерді жүйелеп, амалдарды орындау білігін нақтылау.

Ашық сабақ

Тақырыбы

Рационал бөлшектерді қосу және азайту (7-сынып)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті бойынша білімдерін кеңейту; бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындау білік-дағдыларын нақтылау және бекіту.

Дамытушылық

Ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру; танымын және пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік

Жылдамдыққа және ұқыптылыққа баулу; жауапкершілікке, ұжымдық ауызбіршілікке және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Оқушылардың білімін жүйелеу және жалпылау сабағы.

Сабақтың түрі

Сайыс сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс
  • СТО әдістері

Көрнекіліктер

  • Постерлер
  • Интерактивті тақта
  • Дидактикалық материалдар
  • Тест тапсырмалары

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабақтың мақсатын хабарлау.
  • Сайыстың өту ережесімен таныстыру.
  • Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.