Көрші атам өлеңін жатқа айту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға буын ұғымын түсіндіру, сөзді буынға бөлу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық
Оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; сауатты, мәнерлеп оқу мен көркем жазуға баулу.
Сабақ туралы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Әдістері
- Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ–жауап
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Үлестірмелі қималар
- Ойыншықтар
- Қима бауырсақтар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
1–2–3, бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!
2) Үй тапсырмасын сұрау
- 1. «Көрші атам» өлеңін жатқа айту.
-
2. Сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?
Кіммен?
- мұғаліммен
- үлкен атамен
- досымен (ер балалар бір-бірімен, қыз баламен)
Талқылау
Әдепті сөздерді дұрыс қолдану, дауыс ырғағы мен қимыл-ишараны сақтау.
3) Жаңа сабақ: «Ертегілер еліне» саяхат
Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Ендеше бүгін «Ертегілер еліне» саяхат жасайық. «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме?
Ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп беріп, суытуға терезе алдына қояды. Бауырсақ домалап қашып кетеді. Домалап келе жатса, алдынан қоян шығып, бауырсақты жегісі келеді.
Мақсат:
Тапсырмаларды орындап, бауырсақты аңдардан «құтқарамыз».
Ой қозғау: әріптерді тап
Берілген жұптарды салыстырып, жасырынған әріпті анықтаңдар.
1)
- Табада бар, танада жоқ.
- Сабада бар, санада жоқ.
Жауабы: Б
2)
- Дабылда жоқ, дауылда бар.
- Далада жоқ, ауылда бар.
Жауабы: У
3)
- Қылда бар, жүнде жоқ.
- Жылда бар, күнде жоқ.
Жауабы: Ы
4)
- Нарда бар, қарда жоқ.
- Нанда бар, майда жоқ.
Жауабы: Н
Қорытынды:
БУЫН
Жасырынған әріптерден «буын» сөзі шықты — бүгінгі жаңа тақырып осы.
Ереже
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Мысалдар (буынға бөлу):
- күн, ай
- кі-тап
- ба-ла-лар
- ба-ла-пан
- ал-ма
Түсіндірме сұрақ:
Сөздің буынға бөлінуі неге байланысты? (Дауысты дыбыстар санына байланысты.)
Дәптермен жұмыс: Қасқырдың тапсырмасы
Бауырсақ домалап келе жатып, қасқырға кездеседі. Құтқару үшін тапсырманы орындайық.
58-жаттығу
- Сөздерді буынға бөліп жаз.
- Әр сөздегі дауысты дыбыстарды ата.
Сөздер:
Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен
Оқулықпен жұмыс: Аюдың тапсырмасы
Орманда бауырсаққа аю жолығады. Тапсырманы орындасақ, бауырсақ аман қалады.
59-жаттығу
- Мақал-мәтелдерді оқы.
- Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар екенін, неше буыннан тұратынын анықта.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Тәрбиелік бөлім: кішіпейілділік — кісілік белгісі
«Жалғасын тап» ойыны
Не істеуге болмайды?
- Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды.
- Кішкентай баланы жылатуға болмайды.
- Құстарды атуға болмайды.
- Сабақтан кешігуге болмайды.
- Сыныпта айқайлауға болмайды.
Не істеу керек?
- Үлкен кісіні сыйлау керек.
- Үлкеннің тілін тыңдау керек.
- Үлкендерге жол беру керек.
- Кішілерді қорғау керек.
- Оқу құралдарын ұқыпты ұстау керек.
Түлкінің тапсырмасы: «Не деу керек?» өлеңі
Бауырсақтың алдынан түлкі шығады. Түлкі өте қу, сондықтан бауырсақты құтқару үшін мұқият жұмыс істейміз.
Автор туралы: Ә. Дүйсенбиев
Ә. Дүйсенбиев 1931 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. «Балдырған», «Жалын» журналдарында хатшы болып жұмыс істеген. Балаларға арналған көптеген шығармалар жазған: «Гүлзар», «Парадта», «Не деу керек?», «Қызғалдақ» және т.б.
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
- Өлеңдегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1
Рахмет
2
Кешіріңіз
3
Рұқсат па?
4
Енді қайталамаймын
Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабақта тапсырмаларды орындап, бауырсақты аңдардан құтқардық. Енді қонаққа келген аңдарға сыйлық беріп, олардың артындағы жасырын сұрақтарға жауап берейік.
Қоянға
Сәбіз
Сұрақ:
«Балалар» сөзінде неше буын бар?
Қасқырға
Сүйек
Сұрақ:
«Бейбітшілік» сөзін буынға бөл. Дауысты дыбыстарды ата.
Аюға
Бал
Сұрақ:
Сөз буынға қалай бөлінеді? Ережені қайтала.
Түлкіге
Балық
Сұрақ:
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Мақал-мәтелді жаттау.
Бағалау
Сабақ барысында әр бөлімде белсенді жауап берген оқушылар қорапшадан «бауырсақ» жинау арқылы өздерін бағалайды.