Алтынсарин және заманауи білім

Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің аймақтық семинары

Тақырып: «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім»

Жалпы мақсат

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу; сынып пен мұғалім, мұғалім мен оқушы, педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту; жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын айқындау.

Оқу нәтижелері

Барлығы

Топта белсенді жұмыс атқарады.

Көпшілігі

Берілген тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытып, өз пікірін дәл әрі дұрыс айтуға талпынады.

Кейбірі

Көшбасшылық қабілет танытып, топты нәтижеге жетелейді.

Түйінді идеялар

  • Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі.
  • Білім саласына қосқан еңбегі және мұрасының құндылығы.
  • Заманауи білім беру үдерісімен сабақтастығы.

Сабақта қолданылатын материалдар

A4 парақтары Стикерлер Интерактивті тақта Флипчарт Маркерлер Қаламдар Бағалау парақтары

Оқыту әдістері

  • АКТ

    Цифрлық құралдарды тиімді қолдану арқылы түсіндіру мен талқылауды күшейту.

  • Сыни тұрғыдан ойлау

    Дәлелдеу, талдау, пікір алмасу және қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Дереккөздер

  • Ы. Алтынсарин. «Өнер-білім бар жұрттар». Алматы: «Жалын», 1991.

  • «Аңыз адам» журналы. 2016, №5.

  • Интернет ресурстары. Тақырыпқа қатысты ашық дереккөздер.

  • «Егемен Қазақстан» газеті. 2016.