Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау

Дүниетану (3–4 сынып)

Тақырып: Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау.

Сабақтың мақсаты

Топырақ туралы

  • Оқушыларға топырақтың ерекшеліктері туралы түсінік беру, топырақтың пайдасын түсіндіру.
  • Өткен сабақтар бойынша білімдерін толықтыру, тілін дамыту, ойын еркін жеткізуге баулу.
  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға және топырақ құнарлылығын сақтай білуге дағдыландыру.

Таулы табиғат туралы

  • Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары, оларды қорғау туралы білімін тереңдету және тақырып мазмұнын меңгерту.
  • Танымдық белсенділікті арттыру; ойлау, есте сақтау қабілетін және жеке шығармашылықты дамыту.
  • Табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелеу және экологиялық тәрбие беру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ типі
Кіріктірілген сабақ
Әдістері
Ізденушілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, СТО
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, география
Көрнекілігі
Слайдтар, суреттер

Сабақтың барысы

Ескерту

** — мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.
* — оқушылардың өзіндік жұмысы.

Бүгінгі бағыт: білімділік • ұқыптылық • экология
1

Ұйымдастыру кезеңі **

Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар және менің айтқанымды қайталаңдар.

Ынталандыру сөзі

Мен бақытты баламын,

Жылуым мол бойымда.

Жан дүниемде күн нұрлы.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді!

Білімді, алғыр болғым келеді!

Балалар, бүгінгі сабақта білімді әрі алғыр екенімізді ісімізбен көрсетейік. Бүгінгі тақырыбымыз: Жер қыртысының топырақ қабаты және таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау.