Саз өнері

Қазақ тілі · 11-сынып Презентациямен Шешенге қойылатын талаптар

Сабақ тақырыбы: «Құнды мұра, асыл қазына»

Сабақ эпиграфы

Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Шешендік өнердің халқымыздың асыл қазынасы екенін таныту.
  • Ғасырлар бойы сұрыпталған шешендер мұрасын талдау, шешендік сөздің «өнер падишасы» ретіндегі мәнін ашу.
  • Би-шешендердің ділмарлығы, шыншылдығы, жинақылығы арқылы сөз астарын, құрылымын, мазмұнын меңгерту.

Дамытушылық

  • Шешендер сөзіндегі оралымды, өткір ойды тану және талдау дағдыларын жетілдіру.
  • Ой белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденіске бағыттау.
  • Мәнерлеп оқу, сөйлеу мәдениеті, пікірін дәл әрі анық жеткізу қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Кемеңгер шешендердің өнегелі ойларын бойға сіңіру, адамдық қасиеттерді үлгі ету.
  • Әділдікті ту еткен билердің ел тұтастығын сақтаудағы рөлін түсіндіру.
  • Халықтық мұраны, салт-дәстүрді қастерлеуге және ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақтың түрі

Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу сабағы.

Сабақтың әдістері

  • сұрақ–жауап
  • СТО элементтері
  • сатылай кешенді талдау
  • ой қозғау
  • баяндау
  • жарыссөз
  • дәлелдеу

Көрнекіліктер

  • тірек сызбалар, қанатты сөздер
  • әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері
  • билер суреттері
  • М. Әуезов «Абай жолы»
  • видео, мультимедиа

Пәнаралық байланыс

Халықтық педагогика
Қазақстан тарихы
Қазақ әдебиеті
Әдептану
Саз өнері

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
  • Үй тапсырмасын пысықтау.

Үй тапсырмасы 1

«Атаның сөзі — ақылдың кені»: би-шешендердің өнегелі сөздерін жатқа айтып, ой ұшқырлығын дәлелдеу.

Үй тапсырмасы 2

«Шешенге қойылатын талаптар» тақырыбын санамалап айтып, әр тармақты мысалмен дәлелдеу.

II. Оқулықпен жұмыс: 23-тапсырма

Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып, кейіпкерлерді талдау. М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді бойынша Венн диаграммасы арқылы Құнанбай мен Абай бейнесін салыстыру.

Құнанбай

  • Абайдың әкесі; ауылнай, болыс басқарушы; жасы үлкен.
  • Қатал.
  • Өзімшіл.
  • Жаңалыққа қырын қарайды.

Ортақ қасиеттер

  • Ділмар; ой-өрісі кең.
  • Тапқырлығы басым.
  • Шыншыл әрі өжет.
  • Мәселені айқын қоя біледі.
  • Сөзінде жинақылық бар.
  • Аңғарымпаз.

Абай

  • Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы; жасы кіші.
  • Мінезі жұмсақ, ашық-жарқын.
  • Мейірімді.
  • Көпшіл.
  • Жаңаша ойлайды.

III. Сатылай кешенді фонетикалық талдау (бір сөз)

Талдау сөзі: Ділмар

фонетика
  1. 1Айтылуы, жазылуы, жасалуы бойынша — аралас буынды сөз (жуан және жіңішке дауыстылар араласады).
  2. 2Екі буынға бөлінеді: діл-мар. Екі буын да бітеу буын.
  3. 3Тасымал: діл-мар.
  4. 4Екпін соңғы буынға түседі: мар.
  5. 5Буын үндестігі сақталмайды.
  6. 6Дыбыс үндестігі сақталмайды.

IV. Әдебиет теориясы: ұғымдар мен мысалдар

Эпопея

Бүкіл бір дәуірді кең көлемде қамтып, жан-жақты суреттейтін көп салалы эпикалық шығарма.

Мысал: қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін бейнелейтін М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.

Теңеу

Затты не құбылысты екінші затпен не құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.

Мысал: «Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды».

Эпитет

Заттың немесе құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын, қасиетін айқындайтын бейнелі сөз.

Мысал: «ақ қар, көк мұз»; «қар төсеніп, мұз жастанып…».

V. Шығармашылық жұмыс: сюжеттік көрініс

«Қазыбектің Қалмақ ханына үш рет елші жіберуі» тақырыбындағы шешендік сөз бойынша көрініс көрсету.

Үзінді

Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
— Жұмыр басты, екі аяқты адамымның өзін қайыр, төрт аяқты айдынды бозымның көзін қайыр. Ерім үшін құн алмай өлісемін, бозымның көзі жоқ болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте тапап аламын, — дегенде, Қоңтажы:
— Қазыбек би, ерің үшін құн алмай өлісемін дегеніңді жөн делік. Ал бозыңның төлеуін екі есе қып аламын дегеніңе жол болсын, — депті.

VI. Сабақты бекіту: бүгінгі шешендік өнер

Қазіргі кезде шешендік өнерге және шешендерге берілетін баға қандай? Бүгінгі шешендер бойында шешенге қойылатын талаптар сақталған ба?

Қазақтың ұлттық өнері — айтыс. Қазақстан ұлттық арнасынан «Кіл жүйрікте, кім жүйрік?» айтысынан (партиялық қолдаумен өткен) Айнұр Тұрсынбаева мен Жандарбек Бұлғақов айтысынан үзінді тыңдап, талдау жұмыстарын жүргізу.

Экраннан айтыс өнерін тамашалау: айтылған ойдың дәлелі, тіл өрнегі, уәждің қисыны, қарсы жауаптың тапқырлығы бойынша талдау.

VII. Қорытынды сұрақтар

  1. 1Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық? Нені ұқтық?
  2. 2Шешенге қойылатын талаптар кез келген адамның бойынан табыла ма?
  3. 3Қазіргі бағдарламалардан кімді (қай жүргізушіні) шешен деп атауға болады? Неліктен?

Түйін сөз

«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы — Ана тіліміз».

Н. Ә. Назарбаев

VIII. Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

«Шынайы шешен — жарқын тұлға» тақырыбында ойтолғау жазу.

Бағалау

Оқушының талдау сапасы, дәлел келтіруі, мәнерлеп оқуы, сөйлеу мәдениеті және белсенділігі бойынша бағаланады.