Тұрақты тіркестер

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме және мұғалім

ЖББ Қарауыл гимназиясы КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Исайн Мейрамгүл Сайлауханқызы

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, 5-сынып, «Қазақ тілі», Атамұра, 2010 ж.

Сабақ тақырыбы

Тұрақты тіркестер

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз қолданысында орынды қолдануға үйрету.

Тұрақты сөз тіркестерін сөйлеу мен жазу дағдысына енгізу арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін және сана-сезімін дамыту.

Оқушылардың дағды-машықтарын жетілдіру және танымдық белсенділігін арттыру.

Түйінді идеялар

Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері:

  1. 1

    Тіркес құрамында кемінде екі сөз болады.

  2. 2

    Сөздердің орны ауыстырылмайды.

  3. 3

    Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен алмастыруға келмейді.

  4. 4

    Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы бірігіп тұтас мағынаны білдіреді.

  5. 5

    Сөйлем құрамында бүтін бір тұлға ретінде қолданылады.

Оқыту нәтижелері

  • Оқушылар тұрақты тіркестердің мәнін түсініп, оларды сөз арасында қолдана алады.

  • Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің айырмашылығын ажыратады.

Дереккөздер мен құралдар

A4 қағазы Оқулық Постер Маркер Түсіндірмелі сөздіктер Стикерлер Интербелсенді тақта

Сабақ барысы

Қызығушылығын ояту

  • Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады: «Жақсы тілек — жан жылуы».

  • Сынып оқушыларын жан-жануарлардың суреттері арқылы топқа бөледі.

  • Топ атаулары: «Алғырлар» және «Білгірлер».

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар халық ауыз әдебиеті үлгілерінен жазып келген мысалдарын талдайды.

Жұптық жұмыс (тапсырмаларды жұптасып орындау)

I тапсырма

Эвфемизм беріледі, дисфемизмдік баламасын табады.

Мысал

Ұры — қолының сұғанағы бар

II тапсырма

Берілген сөздердің табу сөз ретіндегі баламасын табады.

Мысал

Найзағай — жасыл

III тапсырма

Мақал-мәтелдің жалғасын табады.

Мысал

Ақыл — жастан, асыл — тастан