Алақаны анамның - топырағың, Сендік махаббатымның оты жалын
Туған жер туралы өлең шумақтары
Туған жер - ай, күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ,
Басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!
Қадір Мырза Әли
***
Туған жер
О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Алақаны анамның – топырағың,
Сендік махаббатымның оты жалын.
Сені қалай сүюдің керектігін,
Мен ешқандай кітаптан оқымадым.
Сенде, тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар - ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым
Сені жақсы көруден басталған - ау.
Кешірме сен
Жат қылықпен жаныңды жараласам,
Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.
Мен ел кезіп кетермін отансыздай,
Үмітіңді ақтауға жарамасам.
Фариза Оңғарсынова
***
Отан
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: Отан деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
Мұқағали Мақатаев
***
Туған жер
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласын ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шарсайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің?!
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім!
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,
Алтын діңгек - өзім туған босағам!
Қасым Аманжолов
Туған дала
Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Ұлттық мәдени концептілер
Атамекен
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
9 мамыр
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Сафуан Шаймерденов-әдеби тұлға
Бұйымдар және өнімдер" шоты
Қазақстанның отын қорлары
Отынды ұсатып жануға дайындау жүйесінің жылу есебі
Сот отырысы түсінігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ҚЫЗМЕТШЩ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе бүктіре отырып, ата мекенді жаудан тазартудағы ерліктері - ұрпаққа үлгі боларлықтай
Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты
Ағаш түбінің босағанын көріп отырған жолаушы жанынан үміт үзіп
Теңіз жаяу әскерлері - теңіз десанттары құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуге, сондай - ақ әскери - теңіз базаларының, порттардың Қорғанысы мен басқа да міндеттерді орындауға арналған және арнайы дайындалған әскери - теңіз флоты күштерінің түрі
Бопай ханым Әбілқайырдың жан - жақты мәселелерін шеше отырып, ханымның айтқан ақылдарын тыңдап отыруы