Көктемнің келуі

Сабақ тақырыбы

Ә. Ысқабай — «Көктем қандай көрікті!» (26–27-сабақ). Әдебиеттік оқу.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Мәтінмен таныстыру және мазмұны туралы түсінік қалыптастыру.
  • Мәтінді саналы түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
  • Мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Ақыл-ойын, байқағыштығын, есте сақтауын, қиялын дамыту.
  • Тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік

  • Әдептілікке баулу.
  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Жағымсыз әдеттерден аулақ болуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер, сабақ түрі және көрнекілік

Әдіс-тәсілдер

Хабарлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, баяндау, талдау.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Көрнекілік

Көктем мезгіліне арналған суреттер.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың оқу жұмысына дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Жатқа айту

Абай Құнанбайұлының «Жазғытұры» өлеңін жатқа сұрау.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар салған суреттер бойынша шағын көрме ұйымдастырып, жұмысты бағалау.

Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары

  1. 1. Өлеңде көктем мезгіліндегі адамдардың тіршілігі қалай суреттелген?
  2. 2. Өлеңді оқығанда көз алдыңа қандай табиғат көрінісі келеді?

Ребус

Жауабы: Көктем

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Оқулықпен және мәтінмен жұмыс

  1. 1. Мұғалім мәтінді түсіндіре отырып, мәнерлеп оқып береді.
  2. 2. Оқушылар мәтінді іштей оқиды.
  3. 3. Дауыстап, тізбектей оқылады.

Сөздікпен жұмыс

Қасат қар
Тығыздалып қалған қатқыл қар.

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қарлығаш болып,
Ұшып-қонып,
Ұшып-қонып ойнайық.

IV. Тапсырмалармен жұмыс

Мәтін құрылымы

Мәтінді бөлімдерге бөліп, жоспар құрыңдар.

  1. I.Көктемнің келуі.
  2. II.Даланың құлпыруы.
  3. III.Ауыл балаларының қуанышы.
  4. IV.Алтынайдың мақтанышы.
  5. V.Сайранның реніші.
  6. VI.Достарының сыйлығы.

Фонетикалық жаттығу

Үйректер: «Ерте, ерте. Ертеде әжеде екі көңілді үйрек болыпты».
Үйректер «га-га-га» деп ән салады.

Сұрақ: Үйректер қалай ән салады? га-га-га

V. Сабақты бекіту

  1. 1. Көктем мезгілі саған неліктен ұнайды?
  2. 2. Сайран сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едің?

VI. Үй тапсырмасы

74-бет: өлеңді жаттау.

Қосымша: жоспар бойынша мазмұндау

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді оқуы, жауаптарының мазмұндылығы және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.