Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру
Менің құқықтық кеңістігім
Бұл тренинг-сабақ оқушылардың құқықтық білімін тексеруге, заң алдындағы жауапкершілігін арттыруға және Қазақстан Республикасы Конституциясы мен құқықтық-нормативтік актілерді орындап, құрметтеуге үйретуге бағытталған. Сонымен бірге адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеп, ойлау, тыңдау және сөйлеу мәдениетін дамытуға, қабілеттерін шыңдауға ықпал етеді.
Түрі
Тренинг-сабақ
Көрнекілігі
Слайдтар, постерлер, суреттер
Нәтиже
Құқық пен міндетті тану, құрметтеу және қолдана білу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Топтарға бөлу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру аса маңызды. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытады, өз пікірін дәлелдеп айтуға және тұжырым жасауға үйретеді, сондай-ақ патриоттық тәрбиені күшейтеді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі тиіс. Сонымен қатар заң әр азаматқа міндеттер жүктейді: адам өзгенің құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек.
Негізгі ой
Құқық пен міндет қатар жүреді: өз құқығыңды қорғау үшін өз міндетіңді де орындау қажет.
Негізгі бөлім
Ойын: «Әділдік өлшемі»
Талқылау арқылы құқық ұғымын нақтылау және өмірлік жағдайлармен байланыстыру.
Құқық дегеніміз не?
Құқық — мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың, құқықтық әдет-ғұрыптардың, әділеттілік үлгілерінің және құқықтық ережелердің жиынтығы.
Құқықтың ерекшелігі — оны қолмен ұстап, көзбен көру мүмкін емес. Дегенмен біз оны күнделікті өмірде «мен құқылымын», «мен міндеттімін» деген ұғымдар арқылы сезінеміз. Сондықтан әрқайсымыз өз құқығымыз бен міндетімізді біліп, сақтап, қорғай білуіміз керек.
Миға шабуыл: талқылауға арналған сұрақтар
-
Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
-
Құқықтың қандай түрлері бар?
-
Адам құқығы қай уақыттан бастап пайда болады?
-
Құқықтарды жүзеге асыру үшін не қажет?
-
Адамның негізгі құқықтары қандай?
-
Құқықпен бірге берілетін бостандық деген не?
-
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
-
БҰҰ-ның негізгі мақсаты қандай?
-
Бала деп кімдер саналады?
-
Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?