Сақтардың идеологиясы

Қысқа мерзімді жоспар: Ашық сабақ

Пән
Қазақстан тарихы
Сынып
10-сынып
Сабақтың тақырыбы
Сақтардың әлеуметтік-қоғамдық құрылысы және идеологиясы
Оқыту тәсілі
Блум таксономиясы

Мақсат, міндет, күтілетін нәтиже

Мақсаты

Бірлесе оқи отырып тақырыптың мәнін ұғыну, сақтардың идеологиялық түсініктерін зерттеу және талдау, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері

  • Сыни ойлау дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Талантты және дарынды оқушыларды анықтау.
  • Ойды жүйелеуге, ақпаратты талдай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Тақырыпты түсінеді және мазмұнын нақтылайды.
  • Деңгейлік сұрақтарды талдай алады.
  • Жеке ерекшеліктері мен көшбасшылық қырлары байқалады.
  • Ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды.

Түйінді идея

Сақтар — біздің жерімізде өзіндік ойлары мен қоғамдық санасы қалыптасқан алғашқы тайпалық бірлестіктердің бірі.

Ресурстар

Оқулық Интербелсенді тақта Түрлі түсті маркерлер Үлестірме қағаздар Фотосуреттер

Сабақ барысы (Блум таксономиясы)

Кіріспе

Ұйымдастыру
  • Оқушылармен амандасу.
  • «Қалайсыз…?» тренингі арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Терминдер арқылы топқа бөлу.

Білу

Қайталау

«Таза тақта» әдісі арқылы өтілген тақырыпты пысықтау.

Түсіну

Сөзжұмбақ

Жаңа сабақтың мазмұнын алдын ала айқындау үшін сөзжұмбақпен жұмыс.

Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары

  1. 1. Сақтарға гректер берген атау: скиф
  2. 2. «Теңіздің арғы жағындағы сақтар»: парадарайя
  3. 3. Сақтар туралы көп еңбек қалдырған грек тарихшысы: Геродот
  4. 4. Әмудария мен Мұғраб өзендері жағалауында қоныстанған сақтар: хаомаварга
  5. 5. Алтайдағы патша қорғандары: Шілікті
  6. 6. «Күрекпен қаруланған» ғылым: археология
  7. 7. «Скиф үштігінің» бірі: жүген
  8. 8. «Сақ әйелдері ержүрек келеді…» деп жазған грек авторы: Ктесий
  9. 9. Грек деректерінде хаомаварга сақтарының өзге атауы: амюргия

Қолдану

Бірлескен оқу

Оқушылар тақырыпты бірлесе оқиды, өз топтарында талқылайды.

Негізгі сұрақ

Тақырыпта не туралы айтылады? Мазмұны неде?

Талдау

Конверт әдісі

Әр топ конверт таңдау арқылы жаңа сабақ бойынша талдау сұрақтарын алады. Топтар талдайды, қарсы топтар бір-біріне сұрақ қояды.

  • Сақтардың әлеуметтік-қоғамдық құрылысы.
  • Сақ қоғамындағы мола-обалардың әлеуметтік жіктелісі.
  • Сақтардың идеологиясы.
  • Сақтар дүниетанымындағы «үштік» ұғымын қалай түсінесіздер?

Қосымша деңгейлік тапсырма

«Суретті сөйлет»

Топтар конверт арқылы жасырылған суретті таңдап, берілген бейнені сақ қоғамы мен идеологиясымен байланыстыра отырып түсіндіреді.

Топтық тапсырма: Жұмбақ шешейік

6 ұяшық

1-ұяшық

Қадам бас алға сүрінбей,
Болашақ кілті – білімде.
Парсы тілінде «Сақ» сөзі қандай мағына береді?

Жауап: құдіретті еркектер

2-ұяшық

Арайлап таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады?

Жауап: шұбат

3-ұяшық

Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды.
Грек Геродот сақтарды тағы қалай атаған?

Жауап: массагеттер

4-ұяшық

Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы сақтарды кімдер деп атаған?

Жауап: хаумаварга

5-ұяшық

Ағаға тыныс іні еді,
Тарих өткеннің үні еді.
Сақ әйелінің ерлігін сипаттап берген кім?

Жауап: Ктесий

6-ұяшық

Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Арал мен Сыр өңірін мекендеген сақтар қалай аталады?

Жауап: парадарайя

Жинақтау

«Бес саусақ»
  1. 1Көңіл күйің.
  2. 2Сабақта есіңде қалған мәлімет.
  3. 3Сен үшін жаңалық болған ақпарат.
  4. 4Сабақ туралы пікірің.
  5. 5Өзіңе баға қою.

Бағалау

Формативті

«Теңгемді сыйлаймын» әдісі: ақша банкноттары арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.

Сабақты талқылау және рефлексия

Не сәтті өтті?

  • Оқушылар бірлесе жұмыс жасауға күннен-күнге дағдыланып келеді.
  • Тақырыптың негізгі түйінін өз бетімен аша алды.
  • Топта еркін жұмыс істеп, сыни сұрақтарға толық жауап берді.

Не сәтсіз өтті?

Блум тәсілі тиімді болғанымен, уақыт кейде жеткіліксіз болды.

Нені дамытуға болады?

Оқушыларды ойлануға, пікірін еркін жеткізуге машықтандыруды одан әрі жетілдіру қажет.

Өткізілген ашық сабақ туралы қорытынды

10-сыныпта «Сақтардың идеологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақты Блум таксономиясына сүйеніп жоспарлап, оқушыларға түрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсыну арқылы мазмұнды өздерінің ашуына бағыттадым.

Сабақ амандасу, топқа бөлінуден басталды. «Таза тақта» ойыны арқылы өткен тақырып пысықталып, кейін жаңа тақырыпты ашу мақсатында сөзжұмбақ шешілді. Бұл кезеңде топтар бірлесе жұмыс жасап, жауаптарды жылдам әрі дәл табуға талпынды.

Одан әрі оқулықпен жұмыс жүргізіліп, берілген сұрақтар бойынша талқылау ұйымдастырылды. Деңгейлік тапсырмалар барысында талантты, дарынды оқушылар анық байқалып, көшбасшылық қабілеттері көрінді. Күрделі сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылар сақтар туралы бұрынғы білімдерін белсенді түрде қолданды.

Оқулықтан тыс «Суретті сөйлет» тапсырмасында әр топ берілген суреттерді сақ қоғамының ерекшеліктерімен және идеологиялық түсініктерімен байланыстырып, өз ойларын дәлелді жеткізді. Жалпы сабақ ойдағыдай өтті: оқушылар тақырыпты толық меңгеріп, тапсырмаларды орындау барысында бірлескен жұмыстың нәтижесін көрсетті.

Сабақ соңында «Бес саусақ» әдісі арқылы қорытынды жасалып, оқушылар өзін-өзі бағалады. Блум тәсілімен жоспарлау мен өткізудің тиімділігі жоғары, дегенмен кейбір кезеңдерде уақытты дәл жоспарлау қажет екені байқалды.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}