Мұқағали МақатаевӨзеніне асыққан бұлақтайын, Енесіне жүгірген лақтайын, Жайқалайын жаныңда құрақтайын, Енді мен де саған кеп тұрақтайын

Мұқағали Мақатаев

Өзеніне асыққан бұлақтайын,
Енесіне жүгірген лақтайын,
Жайқалайын жаныңда құрақтайын,
Енді мен де саған кеп тұрақтайын.
Асқар тауға соғылған дауылдайын,
Ақтарылған аспаннан жауындайын,
Дамылдайын, саған кеп дамылдайын,
Ауа бермей аулаққа сағымдайын.
Өзімменен сапарға бір аттанған,
Құрбылардың бәрі де тұрақтанған.
Ақ үмітті үздейін бір кездегі,
Ұмыт болып жұртымда жылап қалған.
Өз орнында, өзгермей тұр ақ қайың,
Тұрақтайын, мен де енді тұрақтайын.
Ар үміті - жоғалған ақ үмітім,
Табайын да, сені енді жылатпайын...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Ұқсас жұмыстар
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар