Құқық пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты
Ата-аналарды Қазақстан Республикасындағы негізгі құқықтармен таныстыру, Ата Заңға деген құрмет пен сүйіспеншілікті күшейту, шыншыл, әділетті, парасатты тұлға қалыптастыруға ықпал ету және әр адамның өз құқығын терең сезінуіне жағдай жасау.
Түрі
Бетпе-бет кездесу.
Көрнекіліктер
Слайд, кітап көрмесі, үйдің макеті, ақ қағаз.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Бүгінгі «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі» атты бетпе-бет кездесуімізге қош келдіңіздер!
Кездесуімізге 7 «А» сыныбы оқушыларының ата-аналары, Көкпекті аудандық жасөспірімдер инспекциясының инспекторы және М. Әуезов атындағы орта мектептің құқық пәні мұғалімі қатысып отыр.
Психологиялық тренинг
Кездесуді шағын тренингтен бастайық. Менің қолымда ақ парақ бар, дәл ортасында дөңгелек қара ноқат қойылған. Сіздер нені көріп тұрсыздар? Сипаттап беріңіздер.
Әдетте ақ қағазға қарағанда қара нүкте тез көзге түседі. Дәл сол сияқты біз бала бойындағы кемшіліктерді ғана емес, жақсы қасиеттерін де көре білуіміз керек. Жақсы қасиет көбіне тікелей тәрбиеге байланысты.
ІІ. Кіріспе сөз
Жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беріп, қоғам мүддесіне жарату — ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін кезек күттірмейтін мәселе. Бала тәрбиесі — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, мемлекеттің абыройлы міндеті.
Түйін ой
Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бүкіл өміріне апат әкеледі», — деген.
Әрбір ата-ана баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды. Қазіргі қоғамда сол арманға жету үшін баланы қалай тәрбиелеу керек? Бақытты отбасы қандай болуы тиіс? Бүгін біз осы мәселелер төңірегінде ой қозғаймыз.
Құқық және міндет ұғымдары
Бүгінгі заманда әр адам өз құқықтарын жете біліп, құқықтық сауатын арттырғаны дұрыс.
Құқық
Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Міндет
Адамдар бұлжытпай орындауға тиіс тәртіп пен қарым-қатынас талаптары.
Негізгі құқықтық құжаттар
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы — 9 бөлім, 98 бап.
-
Бала құқықтары туралы конвенция (БҰҰ бекіткен).
-
Адам құқықтары жөніндегі декларация.
-
ҚР-ның бала құқықтары туралы заңы (2002 жылғы 8 тамызда бекітілген).
-
Неке және отбасы туралы заң.
Бұл құжаттарда адам құқықтары мен бала құқықтары көрініс тауып, адамдар өмірінің түрлі салаларын құқықтық тұрғыдан реттеуге бағытталған.
ІІІ. Диалог және талқылау
Мұғалім
Осы заңдардың негізгі мақсаты қандай деп ойлайсыздар? Сөзді құқық пәнінің мұғаліміне берейік.
Құқық пәнінің мұғалімі
Негізгі мақсат — балаларды қорғау, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру және баланың жан-жақты дамуына құқықтық негіз құру.
Мұғалім
«Балалар мүдделерін мемлекеттік қорғау» ұғымын қалай түсіндірер едіңіз?
Құқық пәнінің мұғалімі
Баланың өмірге келуі, яғни тууы — ата-аналар арасында құқықтар мен міндеттердің туындауына негіз болады. Мемлекет сол құқықтар мен міндеттердің орындалуын заң арқылы реттеп, баланың қауіпсіздігі мен дамуын қорғауды қамтамасыз етеді.
Мұғалім
Заң баланың қандай құқықтарын реттейді?
Мұғалім
Ал енді бала құқықтары туралы айта отырып, ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты құқықтары мен міндеттері жөнінде не айтар едіңіз?
Келесі қадам
Бұл сұрақтар кездесу барысында нақты мысалдармен толықтырылып, ата-ананың жауапкершілігі, баланың құқығын қорғау тетіктері және отбасы ішіндегі құқықтық мәдениет туралы талқылаумен жалғасады.