Барлық сұрақ саны
Сабақ тақырыбы
Логарифмдік теңдеулер
Сабақ мақсаты
Жаңа талаптарға сай ақпараттық технологияларды қолдана отырып, болашақ ұрпаққа сапалы білім беру.
1) Білімділік
Студенттерге логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін оқытып-үйрету. Есеп шығару барысында тиімді тәсілдерді қолдану арқылы білімін және біліктілігін арттыру.
2) Дамытушылық
Логарифмдік теңдеулерді шешуде ең алдымен логарифмдік функцияның анықталу облысын табу қажеттігін түсіндіру. Логарифмнің анықтамасы мен қасиеттерін қолдану дағдыларын дамыту, іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға ықпал ету және өзіндік білім көтеру қажеттілігін арттыру.
3) Тәрбиелік
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, ойлау, есте сақтау және танымдық қабілеттерді дамыту.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Алгебра (10-сынып), информатика
Сабақ барысында қолданылатын әдістер
- Сұрақ-жауап әдісі
- Тесттерді қолдану
- Ізденіс жұмысы
- Бақылау әдісі
- Дифференциалды оқыту
- Есептерді шешудің бірнеше тәсілін талдау
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
II. Қайталау (танымдық құзыреттілікті қалыптастыру)
Сұрақ-жауап
Слайд №3–7
Ауызша тапсырмалар
Слайд №8–9
Тест: «Кім жүйрік?»
Слайд №10–25
- Әр сұраққа 1 минут беріледі.
- Қате жауап берілген жағдайда келесі сұраққа өту мүмкін емес.
- Сұрақтар саны: 5.
III. Жаңа сабақ (ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру)
Слайд №26–27
Негізгі ұғым
Логарифмдік теңдеудің анықтамасы
Айнымалысы логарифм белгісінің ішінде болатын теңдеу логарифмдік теңдеу деп аталады.