Тақтаға оқушылардың назарын аудару

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан — біздің Отанымыз.

Білімділік

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеру және пысықтау, қажет болса олқылықтарын толықтыру.

Дамытушылық

Ауызекі сөйлеу тілін және сөздік қорын байыту; ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы Формат: Диалог, мәтінмен жұмыс, жұптық/топтық тапсырмалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды орындарына отырғызу.
  • Кезекшімен қысқа диалог.

II. Назар аударту және ой қозғау

Интерактивті тақтада мақал беріледі. Оқушылар мақалдың мағынасын талдап, аудармасын айтады, «Туған жер» тіркесіне синонимдер ұсынады және Отанымыздың атауын атайды.

«Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас»
Талқылау сұрақтары: мағынасы, аудармасы, «Туған жер» синонимі, «Біздің Отанымыз қалай аталады?»

Дәптермен жұмыс

Күні мен тақырыбын жазу.

Интерактивті тақтамен жұмыс: мәтін

Оқушылар мәтінді өз бетімен оқиды, аударма жасайды. Аударма барысында түсініксіз сөздердің астын сызады.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығында орналасқан. Қазақстанның жері кең-байтақ әрі өте бай. Табиғаты әр алуан: мұнда жазық дала да, орман да, өзен де, шөлді аймақтар да бар.

III. Мақсат қою

«Бүгінгі сабақта нені үйренуіміз керек?» — оқушылар өз ұсыныстарын айтады, мұғалім нақтылап толықтырады.

Сөздік жұмысы

Мәтін бойынша жаңа сөздерді меңгерту және белсенді қолдануға бағыттау.

Құрлық

материк (суша)

Кең-байтақ

просторная

Бай

богатая

Әр алуан

различная

Жазық дала

равнина

Шөлді аймақтар

пустыни

Тапсырмалар

1-тапсырма: Бір сөйлем

«Қазақстан туралы біз не білеміз?» Әр оқушы жаңа сөздерді пайдаланып, Қазақстан туралы бір сөйлем құрастырады.

2-тапсырма: Жұптық жұмыс

Оқушылар жұппен Қазақстан Республикасы туралы бұрын өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырады.

3-тапсырма: Топтық жұмыс

Әр топ өтілген модуль бойынша алған білімдерін жинақтап, тақырып аясында қысқа мәтін құрастырады.

6-тапсырма: Шағын сайыс

«Кім ең көп сөз құрастырады?» — «Қазақстан» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.

4-тапсырма: Өлең тыңдау

Интерактивті тақтада Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі беріледі. Оқушылар тыңдайды.

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым — Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым — Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші — Отан деген,
Кім мықты? — десе біреу, — Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Мұқағали Мақатаев

Сұрақ-жауап

  • «Үш бақытым» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Ақын өз өлеңінде «бақытым» деп нені атайды?

5-тапсырма: Тақырыптық әңгіме және мақал-мәтел

Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырады және мақал-мәтелдер айтады.

1-топ

Халық туралы

ҚР халқы туралы ой бөлісу, мақал-мәтел айту.

2-топ

Тіл туралы

Қазақ тілі және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың тілдері туралы.

3-топ

Отан туралы

Отанға қатысты ой, мақал-мәтел, қысқа әңгіме.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, жұптық және топтық жұмыстағы белсенділігі, жаңа сөздерді қолдануы ескеріледі.

Үй тапсырмасы

1-деңгей

Амалия, Алина, Ольга, Алишер, Артем, Данил — «Мен үшін бақыт — ол…» тақырыбында эссе жазу.

2-деңгей

Катя, Дима, Диана, Виталий, Егор — «Үш бақытым» өлеңін немесе «Отан» туралы өздері таңдаған басқа өлеңді жаттау (авторын міндетті түрде білу).

Қорытындылау және рефлексия

Әр оқушыға қағаздан жасалған смайл таратылады (көздері ғана белгіленген). Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсеріне қарай смайлға ауызын салады: күліп тұрса — ұнады, ренжіген болса — ұнамады (немесе түсіну деңгейін білдіреді).

Қорытынды сұрақ

Сабақ басында қойған мақсатымызға жеттік пе?

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар, балалар!