Ана көрген тон пішер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың тағаммен жұмыс бөлімі бойынша өтілген тақырыптарды меңгеруін пысықтау.

Дамытушылық

Оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа баулу, шығармашылық ізденісін дамыту.

Тәрбиелік

Көпшілік алдында сөйлеуге, өзін еркін ұстап, мәдени түрде пікір білдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (5–7 минут)

  • Оқушылардың сыныпқа кіруі, сәлемдесу, оқушылар тізімін нақтылау.
  • Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Кіріспе шумақ

Асыл сөздің ұстасы —

Ақын болар ұрпақсың.

Өнер, білім, еңбекке

Жақын болар ұрпақсың.

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақсың.

Тұла бойы тұнған бір

Өнер болар ұрпақсың!

Осы өлең жолдарымен сабағымызды бастайық.

Топ таныстыру

Екі топ өздерін таныстырады. Таныстыруда киім үлгісі де бағалауға ескеріледі.

Өнер-білім негізінен,

Өтеді енді сынақтар.

Мазалайтын, ойлайтын

Қойылады сұрақтар.

Негізгі бөлім: сайыс құрылымы

Сайыс төмендегі шарттар бойынша өткізіледі. Әр бөлім оқушылардың білімін, шеберлігін және шығармашылығын ашуға бағытталған.

  1. 1

    Топтардың өздерін таныстыруы

    Киім үлгісі мен ұсыну мәдениеті ескеріледі.

  2. 2

    «Ғажайып жетілік»

    Әр түрлі пәндер бойынша сұрақтарға жауап беру.

  3. 3

    «Ана көрген тон пішер»

    Қолөнер бұйымдарын әділқазыларға ұсыну.

  4. 4

    «Ас адамның арқауы»

    Жаңашыл салат түрін дайындап, таныстыру.

  5. 5

    «Тіл өнері»

    Тапқырлық пен жылдам ойлау арқылы орыс және шет тілдері бойынша білімін көрсету.

  6. 6

    «Өнер сайысы»

    Артистік шеберлікті, сахна мәдениетін көрсету.

Сайыс бөлімдерінің мазмұны

II. «Ғажайып жетілік»

Бұл бөлімде әр түрлі пәндерден сұрақтар қойылады. Топтар кестеден сан таңдап, сол санның астындағы сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап ұпай болып қосылады.

Негізгі дағды: жылдам бағдарлау және логикалық ойлау.

III. «Ана көрген тон пішер»

«Ана көрген тон пішер» деген аталы сөзге сүйене отырып, оқушылар қолөнер туындыларын әділқазыларға таныстырады. Бағалауда көркемдік, ұқыптылық және орындалу сапасы ескеріледі.

Негізгі құндылық: еңбек мәдениеті және шеберлік.

IV. «Ас адамның арқауы»

Сайыскерлерге сәттілік! Бұл бөлімде оқушылар тағам әзірлеудегі білімі мен талғамын көрсетіп, жаңашыл салат түрін дайындап, ұсыну жолын түсіндіреді.

Өлең жолдары

Ас — көңілдің ажары.

Жақсы ғой тағамның да білген сырын.

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

V. «Тіл өнері»

Бұл бөлім оқушыларды тапқырлыққа, тез ойлауға үйретеді. Сонымен қатар қатысушылар өздерінің орыс және шет тілдері пәндері бойынша білім деңгейін көрсетеді.

Негізгі нәтиже: сөйлеу дағдысы және сенімді жауап беру.

VI. «Өнер сайысы»

Бұл бөлімде қыздардың артистік шеберлігі, сахнада өзін ұстауы, шығармашылық қабілеті бағаланады.

Артистік шеберлік

Көрерменмен байланыс, сенімділік.

Сахна мәдениеті

Тәртіп, әдеп, жинақылық.

Шығармашылық

Ой ұшқырлығы, өзіндік идея.

Қорытынды

Әділқазылар бағамы

Енді барлық шарт бойынша жинақталған нәтижені әділқазылар алқасы жариялайды.

Қыздарымыз салмақты,

Әке көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.

Ешқайсысы кем түспей,

Бір-бірінен өнеге көрсетер.

Көрерменге алғыс

Қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп, тамашалағандарыңызға көп рақмет!

Өмірлеріңізге қуаныш пен шаттық тілейміз. Жүректеріңіз қартаймасын, көңілдеріңіз ортаймасын!