Өнер іздеген өсер
Жапон мақалы
«Маған айт — мен естимін, маған көрсет — мен есімде сақтаймын, маған істеуге бер — мен түсінемін».
Сыныптан тыс шара: «Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән»
Мақсаты
- Еңбекке баулу пәнінен алған білімді жүйелеу.
- Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Еңбекке деген шеберлік пен икемділікті қалыптастыру.
- Ұлтымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстыру, қазақ халқының өнерін дәріптеу.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші сөзі
Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Білім — асыл қазыналы сандық, оны ашатын кілт — еңбек. Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек.
«Үйрету — үлкеннен, үйрену — кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру — әрбір ұстаздың міндеті.
Олай болса, «Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән» тақырыбында өтетін сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан, білмеске арзан,
Надандар баһара таба алмас», —
Абай
Іскер, он саусағынан өнер таматын шәкірттерді тәрбиелеу — біздің міндетіміз. Ендеше, бастауыш сынып оқушыларынан құралған өнерлі де шебер, епті де ісмер топтарды ортаға шақырамыз.
Қатысушы топтар
1-топ: Шеберлер
Өнер мен еңбекті ұштастыратын команда
Құрамы
- Арсен Калиев (4 «А»)
- Диляра Нұржанова (4 «В»)
- Адина Тынышқалиева (4 «А»)
- Наргиза Елекеева (2 «В»)
- Жетпіс Райд (2 «Ә»)
Ұраны
Шебер — біздің атамыз,
Шебер — біздің әжеміз.
Шебер болған бабам да,
Біз де шебер боламыз.
2-топ: Ісмерлер
Ұқыптылық пен табандылық командасы
Құрамы
- Жәңгір Мархаба (2 «В»)
- Мұханбетқалиев Әмірлан (2 «В»)
- Хамидуллин Темірлан (4-сынып)
- Әнель Жамалиева (4 «В»)
- Тамерлан Исатай (4 «В»)
Ұраны
Еңбекті сүй, құрметте —
Керек болар еңбек те.
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке.
3-топ: Ептілер
Шапшаңдық пен тапқырлық командасы
Құрамы
- Махамбет Әлихан (2 «В»)
- Әбдірахманова Ясмин (2 «В»)
- Хайдар Меруерт (2 «Ә»)
- Сағынгерей Жания (4 «В»)
- Меңдібекова Шалқыма (4 «В»)
Ұраны
Ептілік болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.
4-топ: Өнерлілер
Әдеп пен еңбекқорлық командасы
Құрамы
- Ақтай Раяна (2 «Ә»)
- Зухрахан Жұманиязова (4 «А»)
- Рамазанов Арман (4 «А»)
- Серік Серхан (2 «Ә»)
- Жасұлан Эльнара (2 «Ә»)
Ұраны
Әдепті де өнерлі —
Еңбексүйгіш баламыз.
Жаңа істің шебері,
Жасаушысы — баламыз.
Әділқазылар алқасы
Өнерді әділдікпен бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
-
Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
№44 ЖОББ мектебі, бастауыш сынып ісі жөніндегі директор орынбасары
-
Сапарғалиева Сара Шаймұратқызы
№34 мектеп-гимназиясы, бастауыш сынып ісі жөніндегі директор орынбасары
-
Ән Айгөлек
Әділқазы мүшесі
Сайыс кезеңдері
I-сайыс
«Атымда менің сырым бар» — топтардың өзін-өзі таныстыруы.
II-сайыс
«Тапқыр болсаң, тауып көр» — бейнесұрақ және сұрақ-жауап кезеңі.
Қанатты ой
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай, білімнің шыңына шығады.
Сұрақтар мен жауаптар
1) Композиция дегеніміз не?
Қағаз бетінде суреттің барлық бөліктерін ойластырылған тақырыпқа сай әсерлі етіп орналастыру.
2) Аппликация деген не?
«Жапсырма» ұғымын білдіреді. Әр түрлі пішіндерді қағаз немесе мата бетіне желімдеп жапсыру арқылы бейне жасау.
3) Конструктор деген не?
- Құрастыруға арналған бөлшектер жиынтығы.
- Қандай да бір құрылымның конструкциясын жасайтын маман.
4) Мозаика туралы не білесің?
Шыны, ұсақ тас, мата, қағаз, ермексаз, керамика және пластмасса қалдықтарынан құрастырылатын картина немесе бейнелі сурет.
5) Оймақ туралы не білесің?
Іс тіккенде инені материалға кіргізу үшін әрі қолды шаншып алмау үшін саусаққа киілетін қатты қалпақша. Оймақты көбіне әжелер қолданады.
6) Оригами деген не?
Қағаздан пішін құрастырудың жапондық өнері.
7) Табиғи материалдар қандай болады?
Табиғи материалдар өте көп: жапырақтар, дәндер, өсімдік сабақтары, ағаштың бұтағы, тамыры, бүрі, қабығы және тағы басқалар. Ағаштан алынатын материалдар көбіне қатты, ал өсімдіктен алынатын материалдар жұмсақ болып келеді.
8) Мақтадан не алынады? Қазақстанның қай өңірінде өсіріледі?
Мақтадан мата алынады. Мақта Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсіріледі.
Жұмбақтар
1)
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.
Жауабы: қол
2)
Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.
Жауабы: ине
3)
Екі тышқан бірлесіп,
Қиып, пішіп береді.
Екеуі бірге жүрмесе,
Жоқ қой бізге керегі.
Жауабы: қайшы
4)
Бір шұңқыр,
Бір шұңқырға мың шұңқыр.
Жауабы: оймақ
III-сайыс: Мақалды жалғастыр
Мақал-мәтел — сөз мәйегі, ой тірегі. Қарапайым қазақ тілі — өз тілім; өз тілімде бұлқынады жүрегім. Ата дәстүрді абыроймен көтергенге бұл сөздер сүйектен өтер демде.
1) Өнерлінің он саусағы тең, (өнерсіздің бір саусағы кем).
2) Өнер іздеген өсер, (өсек іздеген өшер).
3) Ата көрген оқ жонар, (шеше көрген тон пішер).
4) Өнерлінің қолы алтын, (өлеңшінің сөзі алтын).
5) Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті).
6) Еңбек — өнер өрісі, (өнер — өмір жемісі).
7) Өнерлі болу — зейнет, (өнерсіз болу — бейнет).
8) Еңбектің көзін тапқан (байлықтың өзін табады).
Автор туралы
Бастауыш сынып мұғалімі: Бекенова Ботакөз Сабырғалиқызы
Материал: «Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән» тақырыбындағы сыныптан тыс шара жоспары.
Негізгі ой
Өнер — еңбекпен шыңдалады, ал еңбек — білімнің кілті.