Логикалық ойлауды жетілдіру

Сабақтың тақырыбы: Логикалық ойлауды жетілдіру

Сабақтың мақсаты

Балаларға логикалық тапсырмалар орындату арқылы терең ойлау қабілетін шыңдау, байқампаздыққа баулу.

Сабақтың барысы

Қызығушылығын ояту

Оқушылардың назарын жинақтап, тапсырмаларға қызығушылығын арттыру.

Ширату

Төмендегі анықтамаларды оқып, сәйкес сөзді тауып жазыңдар.

1) Ағайынды, апалы-сіңлілі адамдардың баласы

Жауап _______________________

2) Дәнді дақылдардан сүт қосып пісірілетін сұйық ас

Жауап _______________________

3) Бие сүтінен ашытылатын қышқыл дәмді, шипалы тағам

Жауап _______________________

4) Майлы сүтті ұзақ қайнату арқылы жасалатын ақшыл, қою сүт тағамы

Жауап _______________________

Логикалық тапсырма

1. Суретке мұқият қара. Балық қандай фигуралардан құрастырылған? Меңзермен көрсет.

Кеңес: алдымен ірі бөліктерін (денесі, құйрығы), кейін ұсақ бөлшектерін (қанаты, көзі) ажыратып көр.