Аялайық ананыТәрбие сағатыАналар мерекесіне арналғанТәрбие сағатының мақсаты
Тәрбие сағаты: «Аялайық ананы»
Бұл тәрбие сағаты Аналар мерекесіне арналады. Мақсаты — оқушыларға 8 наурыз мерекесінің мәнін түсіндіріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін қадірлеуге, үмітін ақтап, есімін ардақтап құрметтеуге тәрбиелеу.
Мақсаты
- 8 наурыз туралы түсінік қалыптастыру.
- Анаға деген сүйіспеншілікті, ізеттілікті нығайту.
- Ана еңбегін бағалап, құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Сабақ атмосферасы жеңіл әрі жылы болуы үшін залды нәзік түстермен безендіруге болады.
Кіріспе сөздер
1-оқушы
Наурыз күні — Ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана күні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
2-оқушы
Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, ең қадірлі сөз — ана. Бала дүниеге келген күннен бастап жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірімге толы көзқарасы арқылы бар сүйіспеншілігін сыйлаған аналар үшін адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол — 8 наурыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз: «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды».
Ән: «Анашым»
Анаға арналған жыр шумақтары
3-оқушы
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп, талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың — аясындай гүл бақтың.
4-оқушы
Мен өзіңмен, қайда болсаң, біргемін,
Махаббатың жүрегімде — жыр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
5-оқушы
Ер жеткізіп, елге берген боласың,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қос қабағың — бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
Ән: «Ана»
Құттықтау және ой-толғау
6-оқушы
Сенен өскен балалар —
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар!
7-оқушы
Ана дегеніміз — әлемнің жан дүниесі. Ол — тіршілік, ол — үлкен тағдыр. «Ана» сөзі жүрекке жылулық пен шуақ сыйламай қоймайды.
8-оқушы
«Ана» — әр халықтың тілінде бар қасиетті ұғым. Қай тілде айтылса да, бұл сөз нәзік, мейірімді, жылы естіледі.
9-оқушы
Құтты болсын, ардақты ана,
Асыл анам, мерекең!
Ән: «Анаға сәлем»
Қорытынды
Ана өмірді болашаққа сыйлайды екен,
Жамандыққа жатты да қимайды екен.
Ананың құрсағына сыйған бала —
Даланың құшағына сыймайды екен.
Ата-аналарға сөз
Осы сәтте ата-аналар құттықтау сөз сөйлейді.