Оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптар
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі • №53 орта мектебі КММ
Информатика пәнінің мұғалімі: Мәлімбай Т. Қ.
5-сыныпқа арналған таңдау курсы «Компьютерлік сауаттылық»
Оқу бағдарламасына арналған тақырыптық күнтізбелік жоспар
Түсінік хат
Біз күнделікті өмірде әртүрлі жұмыстарды орындау барысында көптеген бағдарламаларды қолданамыз. Информатика және есептеуіш техника негіздері — дербес пән ретінде қалыптасқан ғылым саласы.
Таңдау курсы негізгі сабақта толық қамтылмай қалған ұғымдар мен түсініктерді тереңірек меңгертуге бағытталады. Оқыту үдерісінде білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың кешенді түрде жүзеге асуын қамтамасыз ету басты міндет ретінде қарастырылады.
Негізгі екпін
Таңдау курсы оқушылардың түсініктерін нақтылап, практикалық дағдыларын қалыптастыруға және оқу материалын тереңдетіп меңгертуге мүмкіндік береді.
Аннотация
«Компьютерлік сауаттылық» бағдарламасына арналған авторлық курс 5-сынып оқушыларына ұсынылады. Бағдарлама теориялық білімді практикалық жұмыстармен ұштастырады: тапсырмалар орындау, есептер шығару және өз бетінше шағын бағдарламалар құрастыру сияқты әрекеттер қамтылады.
Есептер оқушының жас ерекшелігіне сай, қарапайым деңгейде құрастырылған. Курсты меңгеру нәтижесінде оқушылар қазіргі заманғы математикалық және ақпараттық білімін тереңдетіп, алған дағдыларын өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана алады деп күтіледі.
Мақсаты
Қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе жатқан қоғамда оқушының кәсіби бағдарын қалыптастыруға бағыт беру.
Міндеттері
- Бағдарламаны меңгерту арқылы оқушылардың танымдық және біліктілік қабілеттерін дамыту.
- Мәтіндік және кестелік редакторлармен жұмыс барысында оқушылардың кәсіби дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.
- Оқушының шығармашылықпен және өз бетінше жұмыс істеу мәдениетін дамыту.
Күтілетін нәтиже
Информатика пәнін меңгерген және алған білімін болашақ кәсіби қызметінде қолдана алатын тұлға қалыптасады.
Оқушылардың білім-білік дағдысына қойылатын талаптар
Оқушы нені білуі керек
- Информатика негіздерін білу және ақпаратты талдай алу.
- Word және Excel бағдарламаларының интерфейсін сипаттай алу.
Оқушы нені үйренуі керек
- Қарапайым мәтіндік редакторда жұмыс істей алу.
- Бағдарлама командаларымен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру.
- Шығармашылықпен жұмыс істей алу.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы
- Негізгі ұғымдар.
- Бағдарламаның негізгі және қосымша құралдары.
Толық нұсқа
Құжаттың толық нұсқасын жүктеп, тақырыптық жоспармен танысыңыз.