Есептерді шығару

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл сабақта оқушылар екі амалмен шығарылатын есептердің шешу тәсілін меңгереді, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіреді және есепті талдап, дәлелдеп шығару мәдениетін қалыптастырады.

Тақырыбы

Екі амалмен шығарылатын есеп.

Сабақ типі

Аралас сабақ.

Мақсаты

Екі амалмен шығарылатын есептердің шығарылу тәсілін меңгерту.

Міндеттері

  • Білімділік

    Екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға төселдіру.

  • Дамытушылық

    Оқушылардың ой белсенділігін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік

    Оқушыларды саналылыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

түсіндіру ауызша есептеу сұрақ–жауап талдау іздендіру дәлелдеу өз бетінше жұмыс көрнекілік

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу, сабаққа назар аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша тапсырмаларды тексеру, қиындықтарды талдау.

III. Жаңа сабақ

Екі амалмен шығарылатын есептерді талдау және шығару.

Санамақ

Бір дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,
Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт,
Үміт артқан жігіт.

Төрт дегенім – төзім,
Төзімдімін өзім.

Бес дегенім – бақыт,
Бағалайтын уақыт.

Оқулықпен жұмыс

Тапсырмалар арқылы бір және екі амалмен шығарылатын есептердің айырмашылығын салыстырып, шешу жолын түсіндіреміз.

№1

Есептерді шығару және салыстыру

а) Мәтіндік есеп

Жүр еді
12 бала
Кетті
2 ұл
Сырғанап жүр
?

Шешуі: 12 − 2 = 10

Жауабы: 10 бала.

ә) Мәтіндік есеп

Жүр еді
10 бала
Келді
5 қыз
Барлығы
?

Шешуі: 10 + 5 = 15

Жауабы: 15 бала.

б) Екі амалмен шығарылатын есеп

Жүр еді
12 бала
Кетті
2 ұл
Келді
5 қыз
Сырғанап жүр
?

Шешуі: (12 − 2) + 5 = 15

Жауабы: 15 бала сырғанап жүр.

№2

Сусын туралы есеп

Сатып әкелді
6 және 4 шөлмек сусын
Ішілді
7 шөлмек сусын
Қалды
?

Шешуі: (6 + 4) − 7 = 3

Жауабы: 3 шөлмек сусын қалды.

№3

Өрнек жазу және мәнін табу

Өрнек: a − 2, мұндағы a = 32; 59; 11.

  • 32 − 2 = 30
  • 59 − 2 = 57
  • 11 − 2 = 9
№4

Өрнектерді оқу және мәнін табу

  • (7 + 2) + 40 = 49
  • 79 − (6 + 3) = 70
  • (6 + 3) + 50 = 59
  • (5 + 4) + 30 = 39
  • 97 − (4 + 3) = 90
  • 86 − (2 + 4) = 80
№5

Өрнектеп көрсету (уақыт бірліктері)

  • 90 мин = 1 сағ 30 мин
  • 1 сағ 10 мин = 70 мин
  • 100 мин = 1 сағ 40 мин
  • 1 сағ 20 мин = 80 мин
  • 1 тәул. 1 сағ = 25 сағ
  • 1 сағ 9 мин = 69 мин
№6

Өз бетінше жұмыс

11 − 2 = 9

9 + 2 = 11

21 − 2 = 19

19 + 2 = 21

31 − 2 = 29

29 + 2 = 31

Қорытынды бөлім

Үй тапсырмасы

№4 тапсырма: 2 және 3-бағандар, 69-бет.

Рефлексия және бағалау

  • Сұрақ–жауап арқылы түсінгенін анықтау.
  • Оқушылардың жұмысына кері байланыс беру.
  • Белсенділік пен дәлдікке қарай бағалау.