Абай атамыздың Жазғытұры өлеңін жатқа айту

Әдебиеттік оқу Жаңа білім беру Аралас сабақ

Бастауыш сынып мұғалімі: Чалбасова Жанар Мырзатайқызы

Сабақтың тақырыбы

«Көктем келді» — М. Әлімбаев (сондай-ақ М. Жаманбалиновтың «Көктем келді» өлеңімен таныстыру қарастырылған).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Көктем келді» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсіндіру; шумақтарды мәнерлеп, түсініп оқуға жаттықтыру; көркем тілмен мазмұндауға үйрету.

Дамытушылық

Есте сақтау, талдау, салыстыру, өз бетінше ойлау дағдыларын дамыту; жүйелі әрі мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Жауапкершілікке, бір-бірін сыйлауға, табиғатты сүйіп, аялауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, тірек сызба.
Көрнекіліктер
Слайдтар, ақындардың портреттері, тірек сызба, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар жаңа сабақты меңгереді, М. Әлімбаевтың өмірбаянымен танысады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.

Сынып 3 топқа бөлінеді: «Жауқазын», «Бәйшешек», «Қызғалдақ». Әр топ өз атауын 1 шумақ өлеңмен қорғайды.

1-топ: «Жауқазын»

Жасыл дөңге, көк белге,
Жаңбыр төгіп өткенде,
Жауқазындар бүр жарып
Құлпырады көктемде.

2-топ: «Бәйшешек»

Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.

3-топ: «Қызғалдақ»

Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердің алабы,
Қызғалдаққа көміліп,
Көздің жауын алады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Әр топтан 1 оқушыға Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту; жатқа сұрау; сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.

  • Өлеңнің мазмұны кім туралы?
  • Өлеңдегі негізгі ой қандай?
  • Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылады?
  • Сурет бойынша көктемгі еңбек түрлерін ата.

III. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу: суреттердің бірінші әрпін алып сөз құрасаңдар, бүгін танысатын өлеңнің атауы шығады.

К — көбелек
К — көкек
Ө — өрмекші
Е — елік
К — көгершін
Л — лақ
Т — түлкі
Д — дуадақ
Е — ешкі
І — ін
М — мысық

Шешуі: «Көктем келді».

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.

Бір, екі, үш — бойға жинап күш!
Айтқан тілді аламыз,
Біз бақытты баламыз!

Мүбәрак Жаманбалиновпен танысу

Мүбәрак Жаманбалинов — 1924 жылы Павлодар облысы Железинка ауданындағы Тәттімбет ауылында туған балалар ақыны.

Өлеңді әр топ мәнерлеп оқиды. Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өлеңнің авторы кім?
  • Өлең жылдың қай мезгілі туралы?
  • Мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?

Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау.

Мұзафар Әлімбаевпен танысу

Мұзафар Әлімбаев — 1923 жылғы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған ақын, жазушы. Оның 300 өлеңіне ән жазылған, шығармалары 38 тілге аударылған.

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Әр шумақты жеке оқып, негізгі ойды анықтау.
  • Әр топқа дауыстап оқыту.

Өлең соңындағы тапсырмалар

1-тапсырма: Көктем белгілері

I топ: Күн жылынғанда көлдің мұзы мен жердегі аппақ қар ериді.

II топ: Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.

III топ: Ағаштар бүршік жарады, құстар қайта оралады. Жер беті кілем төсегендей құлпырады.

2-тапсырма: Екі өлеңді салыстыру

  • Ұқсастығы: көктем көріністері, табиғаттың жаңаруы, көңіл күй.
  • Айырмашылығы: авторлық стиль, бейнелеу тәсілі, негізгі детальдар.

Шығармашылық тапсырмалар

I топ

Слайд бойынша «Көктем келді» тақырыбында эссе жазу.

II топ

5 жолды өлең құрастыру.

III топ

«Көктем» тақырыбына сурет салу.

IV. Сабақты қорытындылау

I топ

М. Әлімбаевтың бір өлеңін жатқа айту.

II топ

Абайдың «Жазғытұры» өлеңін жатқа айту.

III топ

Қазақтың Жаңа жылы қашан тойланады?

Наурыз көже қалай дайындалады?

V. Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

М. Жаманбалинов пен М. Әлімбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу және жатқа айту.

Бағалау

Топтық жұмысқа қатысуы, мәнерлеп оқуы, жауаптарының толықтығы және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.