Қосымша шығармашылық тапсырмалар
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Пайымдау мәтіні
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың мақсаты
- Пайымдау мәтіні туралы білімді тереңдету, оны сипаттау мәтінінен ажырата білу.
- Оқушыларды өз ойын дәлелді түрде жеткізуге үйрету.
- Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту.
- Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың жабдықтары
- Сызба
- Кестелер
- Суреттер
Мұғалім
Алпишева
Ынтымақтастық атмосферасы
Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен әрі таныса, әрі қоштаса алады. Жымиыс сезім әлемінің сырын ашуға жол береді. Күлкі арқылы көңіл күйіңді білдіріп көр. Бір-біріңе жымиып, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Фокус
Жылы қарым-қатынас, еркін пікір айту
Үй тапсырмасын тексеру
- Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру.
Қызығушылықты ояту
- Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
- Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
- Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Топқа бөлу
Пазл арқылы топтарға бөлу.
Жалпы сұрақ
Мәтін деген не? Оның түрлерін ата.
1-топ
Әңгімелеу мәтіні
Әңгімелеу мәтіні деген не?
2-топ
Сипаттау мәтіні
Сипаттау мәтіні деген не?
3-топ
Айырмашылығын табу
Екеуін бір-бірінен қалай ажыратамыз?
Мағынаны тану
- Мәтінді тізбектеп оқу.
Сергіту сәті
Күркіреді күн-күн...
Терезелер шың-шың
Жауды жаңбыр топ-топ
Шелек-шелек көп-көп
Жон арқаңды тос-тос
Күнбағыс тез өс-өс.
Ой толғаныс
Ойын
«Хайуандарды кезегімен үйлеріне кіргізу» ойыны.
Тест жұмысы
Мәтін түрлерін анықтауға арналған тапсырмалар.
1) Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Итбалықтың денесі сүйірлеу әрі жұмыр. Оның терісі қылшық жүнді болып келеді.
2) Мәтін дегеніміз не?
A) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз.
Ә) Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем.
3) Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Ара — бал беретін қанатты жәндік. Ол гүл шырынымен қоректенеді.
4) Мәтінге ат қойыңдар.
Барыс — өте сақ әрі епті жыртқыш. Түсі көкшіл сұр, қара теңбілді шұбар болады. Барыс көбінесе басын мәңгі қар басқан биік тауларда мекендейді.
5) Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Біз сыныпты таза ұстаймыз, өйткені ол — біздің екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.
Үй тапсырмасы
- Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
- Ережені жаттау.
Бағалау
- Бағалау парақшаларын толтыру.
Материал
«Пайымдау мәтіні» (жүктеу)