Тек сен қай жолмен келгеніңді көрсетші

Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі

Кел, кел Жаңа жыл!

Бұл мәтін — балаларға арналған мерекелік қойылымның ықшам әрі көркемделген нұсқасы. Оқиға музыка залына кірген сәттен басталып, ән, тақпақ, жұмбақ, би және шағын ойын-эпизодтар арқылы өрбиді.

Қатысушылар

Ересектер

  • Аяз ата
  • Ақшақар
  • Қоян
  • Түлкі

Балалар

  • Тышқан

Кіріспе көрініс

Сахналық ремарка

Балалар музыка залына әсем әуенмен кіріп, жартылай шеңберге тұрады.

Жүргізуші

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де, көрмеген де арманда,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып арайын.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

Балалардың тақпақтары

Сахналық ремарка

Балалар кезекпен өлең жолдарын оқиды.

Жаңа жыл, жаңа жыл — жаңа жыр,
Жасыл шырша жанында,
Жадырап жүр барлық бала бір.

Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы —
Көз тоймайды қараса.

Жасыл жиек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз —
Көптен күтіп, сағынған.

Мерекені әнмен бастау

Жүргізуші

Енді мерекемізді әдемі әнмен бастайық.

Ән: «Кел, кел, Жаңа жыл!»

Музыкасы мен сөзі: Е. Гольцованікі

Сахналық ремарка

Әннен кейін балалар орындықтарға отырады.

Жұмбақ және Аққаланың келуі

Жүргізуші

Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші — сен оны.

Сахналық ремарка

Көңілді музыканың сүйемелдеуімен Аққала кіреді.

Жүргізуші

Бұл не өзі? Неткен ғажап?
Өзің шықтың қайдан, ә?

Аққала

Менің атым — Аққала,

Үйренгем суық қарға да.

Мұрным менің сәбізден —

Міне, міне, қараңдар!

Мереке құрметіне,

Шелегімді ауыстырдым қалпаққа!

Емеспін мен қарапайым Аққала:

Көңілдімін, аздап сотқарлау ғана!

Ойнағанды жақсы көремін өте,

Жүгіремін, би билеймін — тамаша!

Ал сендер билегенді ұнатасыңдар ма?

Өте жақсы! Онда бәріміз бірге билейік!

Қимыл-қозғалыс

Аққала балалармен бірге жалпы би билейді (А. Спадавеккидің «Добрый жук» әуенімен).

Жоғалған шамдар оқиғасы

Аққала

Жарайсыңдар, балалар! Өте көңілді биледіңдер!

Ой, мүлдем ұмытып кетіппін! Мені сендерге Аяз ата жіберді.

Ол сендердің шыршаларыңда әдемі, түрлі-түсті шамдар жоқ екенін біліп, сол шамдарды сендерге беріп жіберген еді.

Сахналық ремарка

Аққала қалтасынан шамдарды іздейді де, бос лентаны шығарады.

Аққала

Мен қатты асықтым —
Бүгінгі мерекеге.
Сөйтіп жүріп ұмытыппын
Шыршаны безендіруді.
Жол-жөнекей шамдарды
Алыппын да… түсіріппін.
Көңілдеріңді қалдырдым —
Тұрмын өзім қысылып…

Аққала жылайды.

Жүргізуші

Уайымдама, Аққала. Біз балалармен бірге саған шамдарды іздеуге көмектесеміз. Тек қай жолмен келгеніңді көрсетші.

Аққала

Рас па, балалар? Маған көмектесесіңдер ғой? Онда тездетіңдер, жолға шығайық — шамдарды қардың астында қалмай тұрып тауып алайық!

«Көңілді паровоз» ойыны

Сахналық ремарка

Музыканың сүйемелдеуімен балалар паровоздың жүрісін бейнелейді. Аққала шыршаны айнала жүріп, бәрін жолға бастайды.

Автор туралы мәлімет

Жаныбекова Жанна Мейрамбайқызы

Қарағанды қаласы, № 91 ЖББОМ жанындағы «Ботақан» шағын орталығының тәрбиешісі