Жоғалған сандарды тап
Сабақтың тақырыбы: 7 саны (шебер класс)
Сабақтың мақсаты
- Балаларды 7 санының құрамымен таныстыру.
- Қосу мен азайту амалдарын қолдана отырып, тура және кері санауға жаттықтыру.
- Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Кіріспе: ертегі әлемінен бастаймыз
Балалар ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Біз көп ертегілермен таныспыз. Суреттер арқылы қандай ертегілерді тануға болады?
Ертегілер
- Мақта қыз бен мысық
- Бауырсақ
- Маша мен аю
- Алтын сақа
- Жеті лақ
«Жеті лақ» кейіпкерлері
Қасқыр, ешкі және жеті лақ.
Оқиға желісі
Ешкі лақтарымен орманда серуендеп жүргенде, лақтары көбелек қуып ойнап жүріп анасынан адасып қалады. Біздің міндетіміз — тапсырмаларды орындап, лақтарды табуға көмектесу.
Тапсырмалар жүйесі: 7 лақты табуға арналған қадамдар
1-тапсырма: Сандарды сана
Санау- Тура және кері санау.
- Көзбен санау.
- Сандарды қазақша, орысша, ағылшынша айту.
Орындаған балаға боялмаған лақтың суреті беріледі. Ермексазды жіңішке, ұзынша етіп шиыршықтау тапсырылады.
2-тапсырма: Жоғалған сандарды тап
ЗейінОрындаған балаға сұйық ермексаз арқылы боялмаған лақтың суретін бояу ұсынылады.
3-тапсырма: Логикалық есептер
ЛогикаЕсеп 1
Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян, балық, түлкі дайындалыпты. Осы жарыста балық нешінші болып келеді? (Балық жүгіре алмайды.)
Есеп 2
Бес қонжық орманға бара жатты қорбаңдап. Бірі олардың шаршады, әрі қарай бармады. Қанша қонжық кетті алда? (4)
Есеп 3
Ұлпа жүнін қыздырып, күн шуақта бір күшік отыр еді. Маңына келді тағы төрт күшік. Нешеу болды, сана. (5)
Есеп 4
Ұяға құс тез ұшып келе ме, әлде жұлдызқұрт па? (Құс)
Орындаған балаға боялмаған лақтың суреті беріліп, желім арқылы жіппен орындалатын жұмыс тапсырылады.
4-тапсырма: Көршілес сандарды тап
СандарОрындаған балаға мақтамен жұмыс ұсынылады: боялмаған лақты мақтамен желім арқылы жапсыру.
5-тапсырма: Сөздік ойын
Тіл дамыту- Екі бірден көп, ал бір — ...
- Сен аяғыңмен жүресің, ал затты немен ұстайсың? — ...
- Тышқан мысықтан кіші болса, онда мысық тышқаннан — ...
- Егер үстел орындықтан биік болса, орындық үстелден — ...
- Тас мақтадан ауыр болса, мақта тастан — ...
- Кітап қалың болса, ал дәптер — ...
Орындаған балаға «жасанды қармен» жапсыру жұмысы беріледі: шпагат жіпті ұсақтап қиып, желім арқылы жапсыру.
6-тапсырма: Қандай пішіндерге ұқсайды?
ПішінОрындаған балаға фольга қағазымен жұмыс тапсырылады.
7-тапсырма: Сандарды салыстыру
СалыстыруОрындаған балаға ұсақ қиылған қағаздармен (салфетка) лақты жіп пен желім арқылы жапсыру ұсынылады.
Нәтиже
Осылайша біз ешкінің жеті лағын түгел таптық. Енді лақтарды тура және кері санап шығамыз.
7 саны: мағынасы, қолданысы, құрамы
Киелі ұғым
Қазақ халқында 7 саны киелі сан ретінде танылады және күнделікті өмірде жиі қолданылады:
- Жеті қазына
- Жеті нан
- Жеті ата
- Жеті апта
7 санының құрамы
7 санының құрамын табу, қарапайым есептер шығару арқылы бекітіледі.
7 саны неге ұқсайды?
Балалардың жауаптары арқылы ұқсастық табу: шалғыға, туфлиге, шұлыққа.
Тәуелсіздік мерекесіне байланысты шығармашылық жұмыс
Сұрақ-жауап
- Біз қандай мерекені атап өтеміз? — Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл.
- «Қазақстан Республикасы» дегенде көз алдымызға не елестейді? — Көк аспанда желбіреген көк ту.
Туды бояу әдісі
- Ақ бетке тудың боялмаған суретін дайындау.
- Суреті бар ақ бетті файлдың ішіне салу.
- Файлдың сыртына көк және сары түсті сұйық бояуды жағып, туды бояу.
- Бояу сұйық болғандықтан 3–4 сағат кептіру.
- Кепкен соң суретті файл бетінен құрғақтай алып, таза ақ бетке орналастыру.
Нәтижесінде тудың бейнесі анық әрі әдемі шығады.
Қорытынды ой
Балалар 7 санын шалғыға, туфлиге, шұлыққа ұқсатты. Ал көк ту да біз үшін қастерлі. Көк аспанда желбіреген көк туымызды мен киелі 7 санына ұқсатамын — бұл ұқсастық балалардың ойлауын тереңдетеді.
Қорытынды
Балалар, тәуелсіздік мерекелеріңмен құттықтаймын! Бүгін сендер 7 санының құрамын қайталап, тура және кері санауды орындап, логикалық тапсырмалар арқылы тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер. Рахмет!
Ендеше бір-бірімізге қол соғып, еңбегімізді бағалайық.
Автор туралы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №12 бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі, I санатты тәрбиеші — Аманғожина Халима Әлжанқызы.
Материалдар
- «7 саны (шебер класс)» материалы
- «7 саны (шебер класс)» слайдтары