Балдырлардың маңызы
Сабақтың тақырыбы
Тұщы су және теңіз балдырлары. Балдырлардың маңызы.
Пән / Сынып
Биология, 6-сынып
Уақыт
Сабақ кезеңдері бойынша бөлінген
Сабақтың мақсаты
- Балдырлардың түрлерімен танысу.
- Балдырлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіну.
Оқу нәтижелері
Түсіну
Балдырлардың экожүйедегі рөлін түсіндіреді.
Танысу
Көпжасушалы балдырлар: қоңыр және қызыл балдырлармен танысады.
Дағды
Топта ынтымақтаса жұмыс істеу дағдысын дамытады.
Негізгі идея
Сындарлы оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Оқыту әдіс-тәсілдері
Сілтемелер
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
- 6-сыныпқа арналған биология оқулығы.
- YouTube бейнежазбасы.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс
Берілген тақырып бойынша талқылау және ортақ қорытынды шығару.
Биологиялық диктант
Үй тапсырмасын тексеру үшін қысқа жауапты сұрақтар.
Тірек-сызба
Маңызды ұғымдарды кластер/сызба түрінде дәптерге түсіру.
Ресурстар
A4 ақ қағаз
Маркер
Оқулық
Слайд
YouTube бейнежазбасы
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
2 минут- Амандасу: Good morning, students!
- Оқушыларды сыныпқа отырғызу: Sit down!
- Сабақтың басталуы: We’ll start our lesson!
- Таратпа қағаз арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
7 минутБиологиялық диктант арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.
III. Жаңа сабақты меңгеру
15 минутBrain attack / «Миға шабуыл»
Тақырыпты ашуға бағытталған бейнежазба көрсетіледі. Оқушылар әр топқа берілген мәтінді оқып, негізгі ұғымдарды кластер түрінде дәптерге түсіреді.
1-топ
Қоңыр балдырлар
2-топ
Қызыл балдырлар
3-топ
Балдырлардың маңызы
4-топ
Балдырлар (жалпы ұғым)
IV. Жаңа сабақты бекіту
10 минутӘр топқа берілген ұғым бойынша жұмбақ құрастыру тапсырмасы беріледі.
1-топ
Ламинария
2-топ
Саргассум
3-топ
Хламидомонада
4-топ
Балдыр (жалпы)
V. Үй тапсырмасы
1 минут- §33: 87-суретті салу.
- A, B, C деңгейлік сұрақтарына жауап беруге дайындалу.
- Өсімдік қалемшесін әкелу.
VI. Бағалау
2 минутОқушылардың жұмысы бағаланады, белсенді қатысушылар марапатталады.
VII. Қорытындылау
3 минутСабақ қорытындыланады. Рефлексия жүргізіліп, оқушылардан кері байланыс алынады.