Жатыс септігіндегі сөздер қайда
Сабақтың тақырыбы
Тәуелдеулі зат есімнің септелуі.
Сабақтың мақсаты
- Жай және тәуелді септеудің жалғауларын меңгерту, тәуелдеулі зат есімдердің септелуіндегі ерекшеліктерді таныту.
- Оқушылардың сөздік қорын және тілін дамыту, сөз құрамына талдау жасау дағдыларын қалыптастыру, жалғау түрлерін ажырата білуін жетілдіру.
- Дастархан басындағы отбасы мүшелерінің орны туралы әңгімелей отырып, сыйластық пен құрметке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сабақты бастау, сыныптың дайындығын тексеру.
II. Өткенді қайталау
Оқушылар электронды оқулықты ашып, зат есімнің септік жалғауларын қайталайды: «Қазақ тілі. 4-сынып. Менің көшем». Нәтижені тексеру: 4-тест.
Талқылау сұрағы
Септіктер туралы не айта аласыңдар?
Септіктерді еске түсіру (қысқаша жүйелеу)
Атау септік
- Қызметі: сөйлемде көбіне бастауыш, кейде баяндауыш болады.
- Мысал: Ақтау теңіз жағасында орналасқан. (бастауыш)
- Мысал: Айгүл — тәрбиеші. (баяндауыш)
- Ескерту: басқа септіктерге негіз болады; тәуелдікке қарай кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? сұрақтарына жауап береді.
Ілік септік
- Ереже: дыбыс және буын үндестігі заңдарына бағынады.
- Мысал: әйнек + тің
- Ескерту: жалғауы кейде жасырын айтылады: Балалар үйі.
- Қызметі: анықтауыш. Мысал: Алыстан әкемнің даусы шықты.
Барыс септік
- Ереже: үндестік заңдарына бағынады.
- Мысал: Асқар + ға, береке + ге, ат + қа, ет + ке
- Қызметі: толықтауыш. Мысал: Айнұр гүлге су құйды.
Табыс септік
- Қызметі: толықтауыш.
- Ереже: үндестік заңдарына бағынады.
- Мысал: жақсылық + ты, қарыз + ды, жүк + ті
Жатыс септік
- Сұрақтары: кімде? неде? қайда?
- Қызметі: кімде?/неде? — толықтауыш, қайда? — пысықтауыш.
- Мысал: Менде бір ой бар. (толықтауыш)
- Мысал: Атам ауылда тұрады. (пысықтауыш)
Шығыс септік
- Ереже: дыбыс және буын үндестігіне сай жалғанады.
- Мысал: кітап + тан, көңіл + ден, аспан + нан
- Қызметі: кімнен?/неден? — толықтауыш; қайда?/қашан? — пысықтауыш.
- Мысал: Асан қағаздан гүл жасады.
Көмектес септік
- Ескерту: жалғаулары кейде дыбыс үндестігіне толық бағынбайды.
- Мысал: тарақ + пен, ағаш + пен
- Қызметі: кіммен?/немен? — толықтауыш; қалай? — пысықтауыш.
- Мысал: Асанмен демалыста бірге болдым. (толықтауыш)
- Мысал: Тапсырманы абыроймен орындапты. (пысықтауыш)
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін қайталау
Электронды оқулық бойынша жұмыс: «Қазақ тілі. 4-сынып. Отбасындағы қарым-қатынас» (оқылым).
Тапсырма
Тәуелдеулі сөздерді септеп жазыңдар:
атам әжең әкесі анам орамалдары камзолың немерем сыйлығым балалары қызымыз ағасы апаң қарындасым
Ереже сұрағы: Тәуелдеулі зат есімнің септелуінде қандай ерекшеліктер бар?
Тақырыпты өмірмен байланыстыру: дастархан мәдениеті
Бүгінгі сабақта тәуелдеулі зат есімдердің ерекшеліктерін тереңірек меңгеріп қана қоймай, отбасындағы қарым-қатынас пен дастархан басындағы тәртіп туралы да сөйлесеміз.
Дастархан төрі кімге бұйырады?
Үйдің төрінде, алдымен, ата отырады. Ата — береке мен өнегенің, даналықтың қайнар көзі.
Атаның тапсырмасы
364-жаттығу. Дәптерді ашып, күннің жадын жазу. Тақтамен жұмыс: барыс және табыс септігіндегі сөздерді тауып, сөз құрамына талдау.
Атадан кейін — әже
Әже — аналардың анасы, мейірімді жан.
Әженің тапсырмасы
366-жаттығу. Жаңылтпашты жаттау және мағынасын түсіндіру.
Әкенің орны
Үйдегі қариялардан кейін әке отырады (көбіне атаның оң жағына). Әке — ақылшы, үлгі-өнеге беруші. Халқымыз: «Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без» дейді.
Әкенің тапсырмасы
365-жаттығу. Жұмбақты шешіп, тапсырмаларын орындау. «Темір төс» ұғымын түсіндіру.
Ананың орны
Ана әкенің жанынан табылады. Ана — әлемнің жарығын сыйлаған аяулы жан.
Ананың тапсырмасы
367-жаттығу. Бір септіктегі сөздерге септік жалғауының әртүрлі жалғануын түсіндіру.
Балалардың орны
Балалар жастарына қарай, көбіне әженің жанына отырады.
Балалардың тапсырмасы
368-жаттығу. Өз бетінше жұмыс: өлеңнің алғашқы жолын жатқа жазу; қарамен берілген сөздерге сұрақ қойып, септігін анықтау.
Сабақты қорытындылау
Негізгі ой
Отбасындағы сыйластық — қуаныш, бақыт және қызықты өмірдің тірегі.
- Дастархан басындағы отбасы мүшелерінің орны мен әдеп ережелерін еске түсіру.
- Тәуелдеулі зат есімнің септелуіндегі ерекшеліктерді жинақтау.
- «Ұйқасын тап» ойыны арқылы тілдік белсенділікті арттыру.
Өлең жолдары
Құрметтейік атамды,
Ардақтаймын апамды.
Көкемді жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау — кішілік,
Үлгілі мінез — кісілік.