Оқыту мен оқуда жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану - заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
І ілгерінді деңгей: «Оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану – заман талабы» тақырыбындағы аудандық семинар
Бұл аудандық семинардың негізгі өзегі — оқыту үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыру және дамыту.
Коучинг тақырыбы
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың танымдық көзқарастарын қалыптастыруға бағыттау
Кімдермен өткізіледі
Аудан көлеміндегі әріптестермен
Жалпы мақсаты
Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыруда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.
Күтілетін нәтиже
Мұғалімдер танымдық көзқарасқа бағытталған тапсырмалар әзірлеп, сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тиімді тәсілдерін сабақта қолдануға бейімдейді.
Түйінді идеялар
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, ойлау мен іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдеріне дайын болуды көздейді. Ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділікті және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Дереккөз: МТАО, 32-бет
Оқыту әдістері
- Айналмалы бекет
- «Ақылдың алты қалпағы»
- «Дананың кілттері»
- «Мен кіммін, қандаймын?»
- «Жұмысқа орналасқыңыз келе ме?»
- Модерация
Тапсырма түрлері
- Айналмалы бекет тапсырмалары
- Мәтінді «Алты қалпақ» әдісі арқылы талдау
- «Дананың кілттері» әдісі арқылы тапсырмаларды орындау
Автор туралы мәлімет
- Өңір
- Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті
- Мектеп
- В. Комаров атындағы ЖОМ
- Пәні
- География пәні мұғалімі
- Аты-жөні
- Байдаулетова Айгул Молдабековна