Мысалды рөлге бөліп, сахналау
Әдебиеттік оқу · 4-сынып
Сабақтың тақырыбы
Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен көбелек» мысалы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту.
- Мысалдың мазмұны мен идеясын ашу.
- Мысалда жануарлар мен жансыз заттарды сөйлету тәсілінің рөлін түсіндіру.
- Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
- Ойлау дағдысын дамыту.
- Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
- Тілдік қорын байыту.
Тәрбиелік
- Табиғатты аялауға баулу.
- Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
- Адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке баулу.
Сабақ форматы мен ресурстар
Түрі мен әдістері
Түрі: жаңа сабақ.
Әдістері: түсіндіру, әңгімелеу, диалогтік сұрақ-жауап, оқу дағдысын дамытатын тәсілдер (мәнерлеп оқу, тізбектей оқу), ой тастау, РАФТ әдісі, INSERT әдісі.
Оқыту технологиясы: ақпараттық технология, СТО.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- ClassMet платформасы
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа даярлау.
- Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері (үлгі)
Мұғалім: ______________________
Оқушылар:
Әрбір адам — ____________________
Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ — ____________________
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің — ______________________
Тірлік, тірек, адалдық.
Әрбір сөзің — ____________________
Шындық, бірлік, адамдық.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Адырбек Сопыбеков: «Сапар мен Парта».
- Жатқа айту.
- Сахналау.
- Партаның суретін салу.
3) Жаңа сабаққа кіріспе
Жұмбақ шешу арқылы тақырыпқа шығамыз:
Жұмбақ 1
Ас көрсе-ақ жалайды,
Содан ауру тарайды.
Жауабы: шыбын
Жұмбақ 2
Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады,
Соған риза болады.
Жауабы: көбелек
Бүгін Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен көбелек» атты мысалымен танысамыз және сабақ мақсатын нақтылап аламыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Сейітқұл Оспанов (1955–2003)
1955 жылғы 30 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген.
Шығармалары
- «Бәйге» (жыр жинағы)
- «Ащы қауын, тәтті қауын» (жыр жинағы)
- «Күн көтерілген шақ» (жыр жинағы)
- «Ағаш ат»
- «Бақытты үй»
- «Құлдар көтерілісі»
Оқу әрекеттері және әдістер
INSERT әдісі
«Не білемін?» бөлімі: шыбын мен көбелек туралы бастапқы түсініктерді жинақтау.
Оқушылар дайындап әкелген рефераттарын оқиды, талқылайды, негізгі ойды бөліп көрсетеді.
Оқулықпен жұмыс
- Мысалды оқушыларға оқыту (мәнерлеп, тізбектей оқу).
- Мысалды рөлге бөліп сахналау.
- Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын бекіту.
- Дәптермен жұмыс, сөздік жұмысы.
- Үнтаспадан «Шыбын мен көбелек» диалогын тыңдау.
«Кім мықты?» тапсырмалар топтамасы
1-қатар
Шыбын мен көбелек туралы өлең жолдарын құрастыру.
2-қатар
РАФТ әдісі: шыбын мен көбелекке хат жазу.
3-қатар
Тақырыпқа байланысты сурет салу.
Қорытынды және рефлексия
- Мысал кейіпкерлерін сипаттау, мінездеме беру.
- Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы ой айту.
Талқылау сұрағы
Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- 75-бет: мысалды түсініп оқу.
- Рөлге бөліп, сахналауға дайындалу.
Бағалау
Оқу белсенділігі, рөлдік ойынға қатысуы, жауаптарының дәлелділігі және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.