Қатынас ыдыста
Сабақтың тақырыбы
Қатынас ыдыстар. Су құбыры.
Сабақтың мақсаты
Білімділік мақсаты
Резеңке түтік арқылы жалғасқан шыны түтікшелермен тәжірибе жасай отырып, қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты
Тұрмыстан және өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушының ойлау қабілетін дамыту, өмірге бейімділігін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты
Адамгершілікке, ұқыптылыққа және алғырлыққа баулу.
Сабақтың түрі
Жаңа ұғым қалыптастыру сабағы.
Әдіс-тәсілдері
- Әңгіме
- Жаттығулар орындау
- Ашық ой сабағы
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Қатынас ыдыстар
- Приборлар
- Тірек сызба
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу, сабаққа назар аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Еске түсіру» стратегиясы арқылы алдыңғы тақырып бойынша білімді жүйелеу.
III. Қайталау және талдау
Қысым, сұйық бағанының биіктігі және сұйықтың тығыздығы ұғымдарын тапсырмалар арқылы нақтылау.
Сұрақ-жауап
Цилиндр тәрізді, көлемдері әртүрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?
Жауабы
Бірдей болмайды, өйткені қысым күші сұйық бағанының биіктігіне және сұйықтың тығыздығына тәуелді.
Түсіндіру
Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан алысқа шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
Жауабы
Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасса, ауырлық күшінің әсерінен қысым соғұрлым үлкен болады. Сондықтан ең төменгі саңылаудан су алысырақ шашырайды.
Анықтама
Қысым дегеніміз не? Қысымның өлшем бірлігі қандай?
Жауабы
Қысым — белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама. Формуласы: p = F / S. Қысымның өлшем бірлігі — Н/м², яғни Па.
Келесі бөлім
Қатынас ыдыстар және су құбыры тақырыбы бойынша тәжірибе жүргізу арқылы алынған бақылауларды қорытындылау және негізгі заңдылықтарды қолдану.