Сақинадан сақинаға секіру

Ұйымдастыру туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы. ІІ санатты тәрбиеші — Шынар Мүберекова.

Білім беру саласы: Денсаулық. Тақырыбы: «Қош келдің, қыс мезгілі».

Мақсаты

  • Балалардың қимыл-қозғалыстағы шапшаңдық реакциясын дамыту.
  • Ынта-ықыласын тәрбиелеу, секіру мен жүгірудегі жетістіктерін жетілдіру.
  • Ойын мен жарыс кезінде шешім қабылдай білуін дамыту.
  • Төзімділік пен батылдықты мадақтау, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар

  • 2 жүк көлігі
  • Құммен толтырылған 20 қапшық
  • 10 сақина
  • 2 доп
  • 10 текше
  • Жаңғақтар
  • 2 себет
  • 2 гимнастикалық орындық

Мотивациялық кезең

Тәрбиеші:

«Балалар, бізге хат келді.» (Хатты ашып оқиды.) «Бүгін бізге үлкен қонақ келеді. Кім екенін тауып көріңдерші».

Жұмбақ:

«Қар жауады, күн тез батады — бұл қай кезде болады?» (Қыста.)

Балалар қыс мезгілінің көріністерін елестетеді: жел тұрады, аспаннан қар жауады. Қыстың боран үні мен қардың сықырлаған дыбысы үнтаспадан тыңдалады.

Қыс:

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен — Қыс. Сендерге қонаққа келдім. Мені күттіңдер ме?»

Балалар: «Қош келдің, қыс айы! Біз өте қуаныштымыз!»

Қыс: «Менің аязыма тоңып, суық боранымнан қорықпайсыңдар ма?»

Балалар: «Жоқ! Бүгін бізде қыс мерекесі. Тапсырмаларыңызды ұсыныңыз, біз қуана орындаймыз. Біз суықтан тоңбаймыз!»

Командалар

Жарысқа қатысушылар екі командаға бөлінеді: «Ұлпалар» және «Ақшақарлар».

Ізденушілік-ұйымдастырушылық кезең

Негізгі жарыс тапсырмалары (I кезең)

  1. Кім шапшаң жүк машинасын «ақшақармен» толтырады?
  2. Гимнастикалық орындық бойымен жалауға дейін еңбектеу.
  3. Текшелердің арасымен екі қолмен допты «жыланша» сырғанату. (Текшелер арасы — 1 метр.)

Көрермендерге арналған ойын

«Тиін және жаңғақ»: мүмкіндігінше көп жаңғақты тез жинау қажет.

Қосымша жарыс тапсырмалары (II кезең)

  1. Кім «ақшақарды» көп жинайды? (Топ басшыларына арналған сайыс.)
  2. Гимнастикалық орындық бойымен жалауға дейін еңбектеу.
  3. Сақинадан сақинаға секіру.

Рефлексиялық кезең

Қыс:

«Маған сендердің батылдықтарың мен шапшаңдықтарың ұнады. Дегенмен жарыста жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бүгінгі жарыста «Ақшақарлар» жеңіске жетті. Мен сендермен әлі де кездесемін. Сол жарыста «Ұлпалар» өз батылдықтарын көрсетеді деп сенемін».

Қыс қоштасар сәтте балаларға сыйлықтарын таратады және тағы да келетінін айтады.

Күтілетін нәтиже

Балалар негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын жаңғыртады және бекітеді.