Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау
Әулиекөл ауданы әкімдігі • №2 Аманқарағай орта мектебі (ММ)
Пәні: Математика • Сынып: 1
Мұғалім
Төребекова Л. М.
Тақырыбы
Өткенді қайталау
Мақсаты
Білімділік
Өткен сабақтарда алған білімді пысықтау, қайталауға арналған есептер шығару, білімді тиянақтау.
Дамытушылық
Ойын арқылы логикалық ойлау, есептеу дағдыларын дамыту, танымдық қызығушылықты арттыру, ой-өрісті кеңейту.
Тәрбиелік
Тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойды қорытындылай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Көрнекілік: интерактивті тақта, бағалау парақшасы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындықСәлемдесу өлеңі
Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
«Тілек шоғы»
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады. Бағалау парақшасына тапсырма орындау барысында ұпай/баға қойып отыру тәртібі түсіндіріледі.
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Мен бастайын, сен қоста»-
1. Қосудың компоненттері: қосылғыш, қосылғыш, қосынды.
-
2. Азайтудың компоненттері: азайғыш, азайтқыш, айырма.
-
3. Цифрлар: 0–9.
-
4. Сан — цифрлардан құралады.
-
5. 1-ден 10-ға дейін кем ретімен санау.
-
6. Теңдеу — құрамында белгісіз саны бар тура теңдік.
3) Қызығушылықты ояту
Тақырыпты табуБерілген өрнектерді дұрыс шығарсаңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады.
Өрнектер
- Қ) 6 + 2 =
- а) 6 − 3 =
- л) 8 − 2 =
- т) 9 − 4 =
- а) 0 + 3 =
- а) 7 − 4 =
- й) 5 + 2 =
- у) 4 + 5 =
Нәтиже
Оқушылар жауаптарды табу арқылы сабақтың негізгі бағытын — өткенді қайталау — анықтайды.
4) Жаңа сабақ
Тақырып пен мақсатКөркем жазу
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
1, 2 цифрларынан сандар құрастырып жазу: 12, 21.
Тапсырмалар
Жұмыстар өздік және жұптық форматта орындалады. Кей тапсырмалардың жауабы интерактивті тақтада тексеріледі.
№1 Өздік жұмыс
Өрнек мәнін тапа + 4, мұнда а = 2, 6, 3
- 2 + 4 = 6
- 6 + 4 = 10
- 3 + 4 = 7
№2 Жұптық жұмыс
Теңдеуді шеш1) 2 + x = 7
x = 7 − 2
x = 5
2 + 5 = 7
7 = 7
2) 9 − x = 5
x = 9 − 5
x = 4
9 − 4 = 5
5 = 5
№3 Есеп
ПериметрҚабырғасы 5 см болатын шаршының периметрін тап.
P = a + a + a + a
P = 5 см + 5 см + 5 см + 5 см = 20 см
Сергіту сәті
«Көңілді күн»
№4 Сурет бойынша есеп құрастыру
Ауызша- Болды
- 4 (к)
- Ұшып келді
- 3 (к)
- Барлығы
- ?
Шешуі: 4 + 3 = 7 (к)
Жауабы: 7 көгершін
№5 Өлшем бірліктерін түрлендір
Өрнектеп жаз10 мм = … см
1 дм = … см
1 кг = … г
1 сағ = … мин
1 тәулік = … сағ
1 т = … кг
Ойын: «Жоқ санды тап»
Ауызша5 − 3 = 2
5 + 5 = 10
2 + 8 = 10
10 − 3 = 7
Логикалық есептер
-
Алматта 3 асық, Санатта 2 асық, Қанатта 1 асық, ал менде 4 асық бар. Барлығы неше асық?
-
Қоян қорқып құмда тұр, бұзау үркіп шымда тұр. Сүңгіп кетсе екеуі, нешеу екен шын батыр?
Қорытынды бөлім
Тест • өзін-өзі бағалау • рефлексия
Тест тапсырмалары
- 3 пен 5-тің қосындысын тап.
- 10 мен 6-ның айырмасын тап.
- Мен бір сан ойладым: егер одан 2-ні азайтсақ, нәтижесі 5 болады. Ол қандай сан?
- Ең үлкен бір таңбалы санды жаз.
- 13 санын разрядқа жіктеп жаз.
Жауаптар тақтада тексеріледі.
Бағалау
Оқушылар критерийлер бойынша өз-өзін бағалайды. Бағалау парақшасындағы нәтижелер қорытындыланады.
Назарда ұстау
- Дәлдік
- Түсіндіруі
- Уақытты тиімді қолдануы
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі: екі ұнаған тұсын және бір жақсартуға ұсынысын айтады.
Қажет болса: толық нұсқасын жүктеу.