Күрделі сұрақтар қоя алмауы
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету
Бұл бағыттағы жұмысымның өзегі — сындарлы оқыту теорияларын жүйелі қолдану арқылы оқушыны реттелген ойлауға, сөздік қорын байытуға, өз бетінше ізденуге және өз ойын нақты әрі дәлелді жеткізуге үйрету.
Мақсатым
Сындарлы оқыту теорияларын қолдану арқылы оқушыларды ұйымдасқан түрде жұмыс істеуге, сөздік қорын молайтуға, дербес ізденуге және өз ойларын нақты дәлелдермен қорғауға қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар мағынаны таниды, өздігінен ақпарат іздейді, ой-пікірін нақты әрі дәлелді түрде жеткізеді және оқу үдерісінде белсенді позиция ұстанады.
Модульді ықпалдастыруда қолданылған тәсілдер
Әдіс-тәсілдер оқушылардың бірлескен әрекетін күшейтіп, талдауға, салыстыруға және дәлелдеуге бағытталды.
- ДЖИКСО әдісі
- Сахналық қойылым
- Венн диаграммасы
- Семантикалық карта
- «Тарихи шынжыр» ойыны
Қиындықтар және оларды шешу жолдары
Кедергілер
- Оқушылардың топта бірлесіп жұмыс жасау дағдысының жеткіліксіз болуы.
- Оқулық материалымен ғана шектеліп қалуы.
- Күрделі, тереңдетілген сұрақтар қоя алмауы.
Кедергіні жою жолдары
- Топ ережесін нақтылап, бірлескен жұмыстың үлгісін көрсетіп, жүйелі түсіндірдім.
- Қосымша дереккөздерден мәлімет іздеп келуді тұрақты тапсырма ретінде ұсындым.
- Сұрақтарға кең көлемде жауап беруге бағыттап, дәлел келтіруді талап еттім.