Түстермен бөліну

Бөлім: Салт-дәстүр және фольклор Бөлімше: Теңге. Монета және қағаз ақша Сынып: 2

Қазақтың ұлттық ойындары: «Теңге ілу»

Бұл материал 2-сынып оқушыларына теңге монеталары мен купюраларын ажыратуды, төлем жасаудың түрлі жолдарын түсінуді және ақшамен қарапайым амалдар орындауды үйретуге бағытталған.

Оқу мақсаттары

2.1.3.65, 10, 50, 100 теңгелік монеталарды, сондай-ақ 200, 500, 1000 теңгелік купюраларды ажырату; түрлі төлем жасау; ақшамен амалдар қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • Монеталар (теңге) және олардың номиналдық құндылықтары туралы біледі.
  • Монеталар мен купюраларды бір-бірінен ажыратады.
  • Ақшаны пайдаланып есептер құрастырады.
  • Монеталармен әртүрлі амалдар орындайды.

Күтілетін нәтиже

  • «Баға» ұғымын түсіндіре аласың.
  • Монеталардан қажетті соманы құрастыруды үйренесің.

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар

Монета номиналдарын таниды және атайды; тауар ақысын төлеуде теңгені дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі

Белгілі бір соманы монеталарды пайдаланып төлей алады.

Кейбір оқушылар

Өз бетінше қорытынды шығарып, пікірін білдіре отырып төлем жасайды және артық ақшадан қайтарым есептейді.

Бағалау критерийлері

  • Монеталар мен олардың топтарын салыстырады.
  • 1, 2, 5, 10, 20 теңгелік монеталарды қолданып, қажетті соманы жинақтайды.

Сабақтың басы

1) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сәлем! — деймін достарға,
Шаттық әнге басамын.
Жалықпаймын сабақтан,
Оқимын да жазамын.

Білім нәрін таратқан,
Ұстазда ылғи назарым.
Білмегенді білейік,
Бірге ойнап жүрейік.

Әрқашан да амандық,
Баршаңызға тілейік.

2) Топқа бөліну

Оқушылар түстер арқылы топтарға бөлінеді.

3) Үй тапсырмасы

2–5 сандарына көбейту және бөлу кестесін жаттау.

Жаңа сабақ

Жұмбақ

Әлемнің тынысы,
Байлықтың белгісі.
Ол не?

Жауабы: ақша (теңге).

Ой қозғау: «Өткенді еске түсір» стратегиясы

Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
Теңге.
Теңге қашан айналысқа енді?
1993 жылы 15 қарашада.
Монеталардың сыртында не бейнеленген?
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Теңге күні қай күн?
15 қараша.
Ақша деген не?
Ақша — айырбас құралы.
Монета деген не?
Монета — зат сатып алуға қолданылатын металл ақша.
Қандай монеталар бар?
1, 2, 5, 10, 50, 100 теңгелік монеталар.
Баға деген не?
Баға — заттың қанша тұратынын білдіреді.
Тура төлем деген не?
Тура төлем — сатып алған заттың ақысын қайтарымсыз, дәл төлеу.
Ақшаны не үшін ұсақтайды?
Тура төлем жасау үшін.

Мақал-мәтелдер

  • Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер.
  • Есепсіз дүние жоқ.
  • Алтын тапсаң, санап ал.
  • Ақша кетуге тырысады, көз ұстауға тырысады.
  • Тамшыдан тама берсе, дария болар.
  • Шашу оңай, жинау қиын.
  • Ақша ашпайтын құлып жоқ.
  • Судың да сұрауы бар.
  • Ақшада есеп жоқ.
  • Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.
  • Жүз сомың болғанша...
  • Мал — баққанға, ақша — адалдан тапқанға бітеді.

Өлең жолдары

Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Болашақтың бастауы,
Теңгеменен дөңгелер.

Оқулықпен жұмыс

46–47-беттер.

1-тапсырма: практикалық жұмыс (монеталардан қажетті соманы құрастыру, төлем жасау тәсілдерін қолдану).

Дереккөз туралы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп КММ.

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі: Енсегенова Света.