Әйтеке бидің сөзі

Сабақтың тақырыбы

«Білімді шыңға шығар» қорытынды сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты

  • Өткен тақырыптар бойынша білімді тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
  • Пәндерге қызығушылықты арттыру, белсенділікті дамыту.
  • Өзара көмектесу, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Жауапкершілікке, шапшаңдыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Слайд/презентация Жалаушалар

Сабақ форматы

Сабақ сайыс түрінде өтеді: сынып 3 топқа бөлінеді. Әр «тау шыңы» — жеке тапсырма. Дұрыс жауапқа топқа жалауша беріледі. Жалаушасы көп топ жеңімпаз атанады.

1) Ұйымдастыру

Құрметті ата-аналар! Бүгін 2 «В» сыныбының «Білімді шыңға шығар» атты қорытынды сабағына қош келдіңіздер! Бүгін біз біліміміз арқылы Қазақстан тауларының шыңына «көтерілеміз».

Сайыс ережесі

  • Сынып 3 топқа бөлінеді.
  • Әр тапсырма дұрыс орындалса — жалауша беріледі.
  • Қай топ бірінші «соңғы тау шыңына» жетсе, сол топқа сыйлық беріледі.

2) Психологиялық дайындық

Күндей жадырап, айдай арайлап, Судай мөлдір, таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастайық!

Бүгін бір-бірімізге тілейтініміз:

  • Қонақтарға: сәттілік тілейміз.
  • Мұғалімге: шығармашылық табыс тілейміз.
  • Бір-бірімізге: көтеріңкі көңіл күй тілейміз.

Мұғалімнің сөзі: «Білім — адамның байлығы». Ендеше, Қазақстан тауларына саяхатқа шығамыз. Әр таудың өз тапсырмасы бар. Дұрыс жауап берген топқа жалауша беріледі. Жалаушасы көп топ жеңіске жетеді.

Сайыс тапсырмалары: «Тау шыңдары» бойынша саяхат

Әр бөлім — бір шың. Тапсырмалар пәндер бойынша білімді еске түсіруге, жүйелеуге және жылдам жауап беруге бағытталған.

I. Маңғыстау: Шерқала тауы

1-топ

  1. Ең алғаш мектеп ашқан кім?
  2. Ілияс Жансүгіров кім?
  3. Ертегілердің түрлерін ата.
  4. Аңыз дегеніміз не?
  5. Абайдың анасының аты кім?
  6. Абылай ханның шын аты қандай?
  7. Төрт түлікті ата.
  8. Қазыбек бидің сөзін айт.

2-топ

  1. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
  2. Шоқан Уәлиханов кім?
  3. «Даңғой» сөзінің мағынасы қандай?
  4. Қартқожа — қай жазушының кейіпкері?
  5. Қазақтың батыр қыздарын ата.
  6. «Қоңыр қозы» атанған кім?
  7. Гиннес кітабына енген қазақты ата.
  8. Әйтеке бидің сөзін айт.

3-топ

  1. Қазақтың ұлы ақынын ата.
  2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
  3. «Қабуснама» қандай кітап?
  4. Халық шығармаларын ата.
  5. «Алып бала» атанған кім?
  6. 20 жасында олимпиада чемпионы атанған кім?
  7. Барлас ақынның Абайға берген батасын айт.
  8. Төле бидің сөзін айт.

II. Отпан тау

1-топ

  1. 1 ғасырда неше жыл бар?
  2. Бір ұшы тұйықталған түзу қалай аталады?
  3. 1 аптада неше күн бар?
  4. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт.
  5. 1 кг-де неше грамм бар?
  6. Баланың бойы 1 м 27 см. Бұл неше сантиметр?
  7. Уақыттың өлшем бірліктерін ата.
  8. 36 мен 47-нің қосындысын тап.

2-топ

  1. Ұзындығы 5 см, ені 2 см тік төртбұрыштың периметрін тап.
  2. Қазақтың киелі сандарын ата.
  3. Салмақтың өлшем бірлігі қандай?
  4. Екі ұшы тұйықталған түзу қалай аталады?
  5. 1 дм-де неше см бар?
  6. 1 сағатта неше минут бар?
  7. Қосу амалын қандай амалмен тексереді?
  8. 72 мен 26-ның айырмасын тап.

3-топ

  1. 1 тәулікте неше сағат бар?
  2. 1 жылда неше ай бар?
  3. Периметр дегеніміз не?
  4. 1 см-де неше мм бар?
  5. Математикалық амалдарды ата.
  6. Өрнектің түрлерін ата.
  7. 1 тоннада неше кг бар?
  8. 46 мен 24-тің қосындысын тап.

III. Оқжетпес

1-топ

Мәні 50-ге тең болатын қосынды және айырма жаз.

2-топ

Мәні 60-қа тең болатын қосынды және айырма жаз.

3-топ

Мәні 70-ке тең болатын қосынды және айырма жаз.

IV. Тянь-Шань

Қатардағы сандарды жалғастыр:

1-топ

5

2-топ

6 10

3-топ

7 12 14

Ескерту: Қатарды жалғастыру ережесін топ мүшелері талқылап, дәлелдеуі керек.

V. Алатау

Сөздік жұмыс: сөз жазу, дыбыстық талдау, сөйлем құрау.

1-топ

  • Жемістің атын жаз.
  • Дыбыстық талдау жаса.
  • Сөйлем құрастыр.

2-топ

  • Жануардың атын жаз.
  • Дыбыстық талдау жаса.
  • Сөйлем құрастыр.

3-топ

  • Мамандықтың атауын жаз.
  • Дыбыстық талдау жаса.
  • Сөйлем құрастыр.

«Торт» ойыны

Қысқа, көңілді сергіту сәті: жылдам сұрақ-жауап немесе топтық шағын тапсырма.

VI. Алтай таулары

1-топ

  1. Адам өміріне не қажет?
  2. Сурет деген не? (Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.)
  3. Ауаның қасиеттерін ата.
  4. Тамырдың қызметтерін ата.
  5. Жеміс түрлерін ата.
  6. «Қара алтын» деп нені атаймыз?

2-топ

  1. Көкжиек дегеніміз не? (Көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.)
  2. Сұлба дегеніміз не?
  3. Судың қасиеттерін ата.
  4. Өсімдіктің мүшелерін ата.
  5. Қызыл кітапқа не енеді?
  6. Мұнайдан не алынады?

3-топ

  1. Тұсбағар қандай құрал? (Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал.)
  2. Өсімдік өсуіне қандай топырақ қажет?
  3. Өсімдік топтарын ата.
  4. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
  5. Өсімдік не арқылы көбейеді?
  6. «Ақ алтын» деп нені айтамыз? Ол еліміздің қай өңірінде өсіріледі?

Қызықты сұрақтар

  1. Құрғақ тас қайда болмайды?
  2. Орнынан қозғалмай жүретін не?
  3. Қай өсімдікте сабақ, тамыр, жапырақ болмайды?

VII. Өскемен: «Қазақстан» тауының шыңы

Өте тамаша! Егер Өскемен қаласындағы «Қазақстан» тауының шыңына шықсақ, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Қорытынды бөлім

Қорытынды тест

Қорытынды тест нәтижесі бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар атап өтіледі. Сыныптың қызықты сәттерінен көріністер слайд арқылы көрсетіледі.

Бағалау

Топтардың жалаушалары саналып, қорытынды бағалау жүргізіледі. Жеңімпаз топ марапатталады.

Тәрбиелік қорытынды

Балалар, бүгін біз ерекше киініп отырмыз. Түстердің де өз мәні бар:

Қызыл түс

Қызуқанды, батыл, тәуекелшіл, өзіне сенімді болсын деген ниет.

Сары түс

Күннің нұры сияқты мейірімді, жұмсақ, қарапайым болсын деген ниет.

Жасыл түс

Жайқалып өскен ағаштай, табиғаттай бай, өсіп-өркендесін деген ниет.

Біліміміз арқылы талай белестерді бағындырамыз. Бәрі де сіздер мен біздердің қолымызда.

Материал: қорытынды сайыс сабағының жоспары

Сынып: 2 «В»