Теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында кескіндеуге есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

Математика (6-сынып)

Сабақтың тақырыбы: сан аралықтарының бірігуі және қиылысуы.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты түсіндіру және бекіту сабағы. Болашақта танып-білетін пәндерге саяхат түрінде ұйымдастырылады.

Білімділік мақсаты

Теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында кескіндеу бойынша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу белсенділігін арттыру, ой қорыту және талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа және ептілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақ құрылымы Блум таксономиясына сүйене отырып ұйымдастырылады. Өткен тақырыптарға қатысты ережелер еске түсіріледі.

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды сабаққа дайындау.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Бүгінгі тақырыпқа байланысты негізгі ережелерді еске түсіру.

1) Білу — «Математика әлемі»

сұрақ-жауап

Математика — сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды, сонымен бірге құрылымдарды, өзгерістерді және белгісіздікті зерттейтін ғылым. Ол логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және нақты нысандарды жүйелі түрде сипаттау, бейнелеу әрі түрлендіру арқылы көрініс табады.

Өтілген материал бойынша сұрақтар

  • Қандай сан аралықтарын білесіңдер?
  • Қандай сан аралығы интервал деп аталады?

2) Түсіну — «Алгебра әлемі»

10 минут

Алгебра — теңдеулерді шешуге байланысты есептер негізінде дамыған математиканың негізгі бөлімдерінің бірі. «Алгебра» атауы жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-Хорезмидің (IX ғасыр) 1–2 дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімдері қарастырылған «Әл-жәбр уә-л-муқабәлә» еңбегінен бастау алады.

Омар Хайям (1048–1123) 3-дәрежелі теңдеулерді жүйелі түрде зерттеп, өз «Алгебрасын» жазды. Орта ғасырлық Шығыс ғұламалары грек және үнді математикасын дамытып, қайта өңдеп, Еуропаға жеткізді. Амалдарды белгілейтін таңбалардың енгізілуі алгебраның әрі қарай дамуына жол ашты.

Топтық жұмыс

Оқушыларға сан аралықтарының бірігуі және қиылысуы тақырыбын бекітуге арналған тапсырмалар ұсынылады. Әр топ өз шешімін координаталық түзуде көрсетіп, түсіндіреді.

І топ

  1. Берілген аралықтарды бір координаталық түзуде кескіндеңдер.
  2. Екі рет штрихталған (қабаттасқан) аралықты анықтаңдар.
  3. Тақырыпты оқып, түсіндіріңдер.

Нұсқау: екі рет штрихталған бөлік — аралықтардың қиылысуы.

ІІ топ

  1. Берілген аралықтарды бір координаталық түзуде кескіндеңдер.
  2. Жалпы штрихталған аралықты анықтаңдар.
  3. Тақырыпты оқып, түсіндіріңдер.

Нұсқау: жалпы штрихталған бөлік — аралықтардың бірігуі.