Жазғытұры өлеңі

Ана тілі (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Жазғытұры» өлеңі.

Мақсаты

Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Міндеттері

  • Өлеңдегі ақынның көңіл күйін сезіне отырып, бейнелі сөйлеуге машықтану.

  • Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету.

  • Өзіндік пікір қалыптастырып, тапсырманы өзара талқылау, қорытынды жасау, түйінді ойларды жинақтай білу.

  • Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы табиғатты аялауға және табиғат сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

RAFT Сергіту жаттығулары Болжау Алтын баған INSERT Миға шабуыл Жұптас, ойлан, бөліс

Көрнекілігі

Техникалық құралдар

  • Интерактивті тақта (слайд көрсету, сурет салу, дыбыс қолдану).

Көрнекілік құралдар

  • Үлестірмелі материалдар.

Күтілетін нәтиже

  • Тілдік дағдылар

    Бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, оларды ауызша тілде орынды қолдана алады.

  • Ынтымақтастық және сыни ойлау

    Жұптық және топтық жұмыста белсенділік танытып, сыни тұрғыдан бағалай алады.

  • Құндылықтар

    Табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды және Абай шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.