Дүкеннің бірінші қабатында
Сабақтың тақырыбы: Киім дүкенінде
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекіліктер
Флипчарт, оқулық, карточкалар.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың «Дүкен» тақырыбы бойынша алған білімдерін пайдаланып, «киім» тақырыбына түсінік беру; жаңа сөздермен таныстыру; дұрыс сөйлем құрауға үйрету.
Дамытушылық
Теориялық білімді іс жүзінде қолдануға дағдыландыру арқылы ауызекі және жазба сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды әдемілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен қысқа диалог арқылы сабаққа назар аударту.
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Бүгін кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?
II. Фонетикалық жаттығу
Дыбысты дұрыс айту және сөзді талдау дағдыларын бекіту.
Үлгі сөйлемдер: «Дүкенге бардым. Сатып алдым.»
- 1) Мұғалім оқиды.
- 2) Оқушылар оқиды, суреттердің атауын атайды.
- 3) Ө қандай дыбыс? Ө дыбысына сөздер құраңдар.
- 4) «Көйлек» сөзіне ауызша фонетикалық талдау жасау.
Лексикалық жаттығу
«Қай дүкенде не сатылады?» тапсырмасы арқылы сөздік қорды жүйелеу.
Суреттерді тиісті дүкен түріне сәйкестендіріп орналастырыңдар.
Үй жұмысын тексеру
Сөйлесімді жатқа айту, қысқа кері байланыс беру.
Оқушылардың жаттаған сөйлесімі тыңдалады, қателер түзетіледі.
Ойын: «Дүкенде»
Диалогтік сөйлеуді жандандыру және жағдаятта сөйлету.
Рөлдер
Сатушы, сатып алушы.
Мақсат
Киім атауларын қолданып, қысқа сөйлесім құрастыру.
Жаңа сабақ
Сурет арқылы жаңа тақырыпты ашу және мақсат қою.
Тақтада дүкеннің суреті көрсетіледі. Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
- Мынау не?
- Ол қай көшеде орналасқан?
- 2-қабатында қандай бөлімдер бар?
- Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз не туралы?
Сабақ мақсатымен таныстыру
Не білеміз?
Киім атаулары және «Дүкен» тақырыбы бойынша негізгі сөздер.
Не үйренеміз?
Дүкенде сыпайы сөйлесу, сұрау және жауап беру, дұрыс сөйлем құрастыру.
Оқулық жағдаяты: Болат қонаққа келді. Ол бізден көмек сұрайды. Тапсырмаларды орындау арқылы Болатты киіндіреміз. Көмектесеміз бе?
Сөздікпен жұмыс
Жаңа сөздерді меңгеру және сөйлемде қолдану.
Ерлер киімі
мужская одежда
Әйелдерге арналған киімдер
одежда для женщин
Сыпайы
вежливый
Мейірімді
добрый
Қызмет көрсетеді
обслуживает
Мынау маған дәл екен. Осыны аламын.
Эти мне подойдут. Я возьму.
Киіп көруге бола ма?
Можно примерить?
- 1)Мұғалім оқиды.
- 2)Оқушылар хормен және жекелей оқиды.
- 3)Сөз тіркесі мен сөйлем құрайды.
- 4)Дәптерге жазады.
Мәтінмен жұмыс
Оқу, аудару және мазмұн бойынша сұрақтарға жауап беру.
Кеше мен киім дүкеніне бардым. Ол үлкен, әдемі, үш қабатты. Онда бірнеше бөлім бар. Бірінші қабатта балалар киімі сатылады. Екінші қабатта ерлер киімі бар. Ал үшінші қабатта әйелдерге арналған киімдер бар. Барлық бөлімдерде сыпайы, мейірімді сатушылар қызмет көрсетеді. Мен өзіме шалбар сатып алдым.
- 1)Мұғалім мәнерлеп оқиды.
- 2)Оқушылар оқиды, аударады.
- 3)Сұрақтарға жауап береді.
Топтық жұмыс: «Кім жылдам?»
Мақал-мәтелдерді табу арқылы ойлау мен тілдік зеректілікті дамыту.
I топ
Шеңберде мақал-мәтелдер жасырылған. Сағат тілімен оқып, екі жолды аттап отырып, мақал-мәтелдерді табыңдар.
II топ
Сол ереже бойынша мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын қысқаша түсіндіріңдер.
Деңгейлік тапсырмалар
Жауап беру, бос орынды толтыру және сөйлесім құрастыру.
1) Сұрақтарға жауап бер
- Сен не сатып алдың?
- Ол неше теңге тұрады?
2) Бос орынға керекті сөзді қойып жаз, аудар
Азат әкесімен ... келді.
Дүкеннің бірінші қабатында ... бөлімі бар.
Әкесі Азатқа ақ ..., көк ... сатып алды.
Керекті сөздер
3) «Киім дүкенінде» тақырыбы бойынша сөйлесім құра
Жағдаят: сатып алушы киім таңдайды, өлшемін сұрайды, киіп көреді, бағасын нақтылайды, сатып алады.
Қорытындылау
Сабақты бекіту сұрақтары және рефлексия.
- Балалар, бүгін сабақта не істедік?
- Не үйрендік?
- Біз Болатқа қалай көмектестік?
Үй жұмысы
Үйде орындауға арналған тапсырмалар.
- «Киім дүкенінде» тақырыбы бойынша қысқа диалог құрастырып келу.
- Сөздікті қайталау және жаңа сөздермен 5 сөйлем жазу.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырма орындауына қарай бағалау.
Оқу
Мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқуы.
Сөйлесу
Диалог құрастыру және сыпайы сөйлеу.
Жазу
Деңгейлік тапсырмаларды сауатты орындауы.