Магнийдің биологиялық ролі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мектеп
Шымкент қаласы, №70 С. Бекбосынов атындағы жалпы орта мектебі
Пән мұғалімі
Химия пәні мұғалімі Асанова Әсемкүл Үжетовна
Сынып
9-сынып
Сабақ тақырыбы
«Металдар» тақырыбын пысықтау
Сілтеме
9-сынып химия оқулығы (Н. Н. Нұрахметов, Қ. Б. Бекішев және т.б.), интернет ресурстары
Негізгі ресурстар
- АКТ құралдары
- Постер, маркер, стикерлер
- Оқулық, A4 және A1 қағаздары
Мақсат пен күтілетін нәтиже
Жалпы мақсат
Металдар және олардың маңызды қосылыстарын меңгерту, химиялық реакцияларды құра білуге үйрету.
Оқытудың нәтижесі
Оқушылар металдар мен олардың маңызды қосылыстарын меңгереді, реакция теңдеулерін құрастырып, теңестіре алады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сабақ кезеңдері
1-кезең. Лездеме сұрақтар
Қайталау және белсендіру
I топ
- Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйеде металдар қалай орналасқан?
- Металдардың физикалық қасиеттерін атаңдар.
- Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым кім?
- Мырыштың биологиялық рөлі қандай?
- Кендер деп нені атайды?
- Макро-, микро-, ультраэлементтер дегеніміз не?
- Шымкентте қандай зауыттар бар?
II топ
- Біздің заманымызға дейін қанша және қандай металдар белгілі болған?
- XVI ғасырда металдарды кім зерттеді?
- Жемірілу деген не?
- Болатты легірлеу дегеніміз не?
- Неліктен кейбір металдарды «өнеркәсіптің дәрумендері» деп атайды?
- Полиметалл кендері дегенді қалай түсінесіңдер?
III топ
-
Ертеде металдарды аспан денелерімен байланыстырған. Қай элементтер қай аспан денелерімен бейнеленген?
Au — Күн, Ag — Ай, Cu — Шолпан, Fe — Марс, Pb — Сатурн, Sn — Юпитер, Hg — Меркурий
- Жемірілуден қалай қорғайды?
- Металлургия қандай сала?
- Магнийдің биологиялық рөлі қандай?
- Неліктен таза металдарды өндірісте сирек қолданады?
- Қандай металдар Гиннесс рекордтар кітабына енген?
2-кезең. Еске түсір
Жеке жұмыс → жұптық тексеру
Оқушыларға жеке формативті тапсырмалар беріледі. Олар тапсырмаларды жеке орындайды, аяқтаған соң жұп болып бір-бірінің жұмысын тексереді.
3-кезең. Ойлан, бірік, бөліс
Топтық қорғау
Оқушылар үй тапсырмасы ретінде дайындап келген жұмыстарын топпен қорғайды. Тақырып: Гиннесс рекордтар кітабына енген химиялық элементтерді жарнамалау.
1-топ
Бериллий
2-топ
Сынап
3-топ
Алтын
4-кезең. Тәжірибе алаңы
Демонстрация
Мұғалім тәжірибе көрсетеді, қауіпсіздік талаптары еске салынады, оқушылар бақылау нәтижелерін қысқаша тұжырымдайды.
5-кезең. Қазақстанның кен орындарын шарлау
Картамен жұмыс
Оқушылар Қазақстан кен орындарын шартты белгілер арқылы картада көрсетеді.
1-топ
Алюминий, қорғасын
2-топ
Мыс, алтын
3-топ
Темір, полиметалл
6-кезең. Химиялық элементтер қонақта
Рөлдік тапсырма
Сыныпқа «қонаққа келген» химиялық элементтер таныстырылады. Үш оқушы аспазшы киімін киіп, элементтердің ағзаға қажеттілігін тағамдар арқылы түсіндіреді.
1-топ: Кальций
- Ірімшік
- Күнжіт
- Орамжапырақ
2-топ: Магний
- Балық
- Күріш
- Фундук
3-топ: Мырыш
- Балық (устрица)
- Өнген бидай
- Қой еті
7-кезең. Кері байланыс және бағалау
Рефлексия
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі: «Бүгінгі сабақ туралы не ойлайсыңдар?»
Оқушыларға стикерлер таратылып, өз пікірлерін қысқаша жазады.