Машам екенсің ғой, қандай әдемі болып кеткенсің
Музыка ойнап тұрады. Жүргізушінің дауысы сырттан естіледі: «Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар! Басталады Жаңа жылдық карнавал: маска да бар, би де бар. Асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алайық! Аязатаны шақырғанның бірі де қалмайды. Басталады, басталады жаңажылдық карнавал!»
Сахналық көрініс: Жаңа жылдық карнавал
Карнавал иелерін қарсы алайық! Қол шапалақтау естіледі, балалар екі-екіден кіріп келеді.
Жүргізушінің құттықтауы
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін бәрің сәнді киініп, ерекше әдемі болып кетіпсіңдер.
Мына жерде орман аңдары да, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жиналыпты. Балалар, бүгін қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Ендеше, шеңбер құрып, қол ұстасып ән салайық.
Ән
«Аппақ, аппақ жапалақтап…»
Шырша туралы әңгіме
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы ең әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал кім шыршаға арналған тақпағын айтады?
Тақпақтар
(Балалардың тақпақтары орындалады.)
Жарайсыңдар! Қандай тамаша тақпақтар!
Кім жетіспейді?
Жүргізуші: Шыршамыз бар, сәнді балаларымыз бар, ата-аналар мен көрермендер де осында. Ал жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар: Аязата мен Ақшақар!
Жүргізуші: Ендеше Аязатаны шақырайық. Бәріміз бірге айқайлайық!
Шақыру
«Аязата! Аязата!» (2 рет)
Дәл сол сәтте есік ашылып, ортаға Қоян кіріп келеді.
Қоянның қылығы
Қоян: Ойбай, түрлеріңді қара! Неге айғайлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Ал сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасады.
Қоян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндер де біледі. Саған ұят-ақ. Ешкім үйретпеген бе?
Қоян: Жоқ.
Жүргізуші: Өзің қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырған едік қой!
Қоян: Ал мені неге шақырмайсыңдар? Аязата бәрібір келмейді. Өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым. Енді ол жол таба алмайды! Ха-ха-ха!
Жүргізуші: Неге олай істедің? Аязата мен Ақшақарсыз қандай Жаңа жыл болмақ?
Аю мен Машаның келуі
Ортаға Аю шығады.
Аюдың сөзі
Мен балқұмар аюмын,
Жаңа жылдың алдында,
Тойды еске алдым да,
Ұйқымды ашып сергідім.
Ұйықтамаймын мен бүгін,
Жылды қарсы алайық,
Би билеп, ән салайық.
Айтпақшы, Маша қызым қайда? Балалар, көрмедіңдер ме?
Балалар: Жоқ, көрген жоқпыз!
Аю: Ендеше Маша келгенше ұйықтай тұрайын. Сендер шуламаңдар, жарай ма?
Ортаға билеп Маша шығады.
Маша: Қандай әсем шырша! Не істесем екен? Хм… Жақсы, аю келгенше достарымды шақырып, тойлай тұрайын.
Көрініс
Машаны ортаға алып, қуыршақтар биі орындалады.
Аю: Оятып жібердіңдер ғой!
Маша: Аю аға, бұл мен ғой — Машамын! Танымадыңыз ба?
Аю: Ой, Машам екенсің ғой! Қандай әдемі болып кетіпсің! Бірақ сен ерте келіпсің, Жаңа жыл әлі басталған жоқ. Мен кішкене ұйықтай тұрайын, сен барып балалармен ойнай тұр.
Маша аюдың құлағын түртіп, әртүрлі қылық жасайды. Аю ашуланады. Маша ренжіп, шығып кетеді.
Аязатаны қайта шақыру
Жүргізуші: Енді даярлық тобының тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар
(Даярлық тобы тақпақтарын айтады.)
Жүргізуші: Балалар, Аязатамыз кешікті ғой. Қане, бәріміз бірге шақырайық!
Шақыру
«Ау-у-у… Аяз ата!»
Ортаға Аязатаның дорбасын әрең көтеріп Маша шығады.
Маша: Ой, ауыр екен-ай!
Артынан Аю келеді.
Аю: Машажан, тоқташы. Ұят болды ғой. Қайтадан апарып берейікші.
Маша: Жоқ, бермеймін! (бұртиып)
Аязата мен Ақшақардың келуі
Аязата: Ой, менің добым қайда? Кім алып кетті екен?
Аю: Аязата, кешіріңіз. Мына Маша сіздің сыйлықтарыңызды әкеткен.
Аязата: Машажан, бұл — балалардың сыйлықтары ғой. Кел, мен саған одан да сиқыршыны шақырайын. Келісесің бе?
Аязатаның амандасуы
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Кездесем деп сендермен,
Таратсам деп сыйлықтар!
Ақшақар
Сүйсіндірген маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күннің нұры тарайды.
Ойын
«Кім жеңеді?» (4 орындықпен)
Би
«Макарена»
Жаңа жылды қарсы алу
Жүргізуші: Жаңа жыл келді, жаңа жыр келді! Қанеки, балалар, үш рет дауыстап, қол соғып шапалақтайық!
Би
Маймылдар биі
Аязата: Балалар, шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Сиқырлы сөздер (3 рет)
«Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат!»
Ән
«Тауда туып, тауда өскен…»
(Аязатамен қол ұстасып, шыршаны айнала жүреді.)
Би
«Жалқаубек» биі
Сыйлықтар
Аязата мен Ақшақар балаларға сыйлықтар таратады.
Қоштасу және ақ тілектер
Ақшақар: Мінекей, балалар, қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз. Бәрің де көңілді, өнерлі, әдемі балалар екенсіңдер.
Аязата: Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер. Ешқашан ауырмаңдар, мықты болыңдар.
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Жаңа жыл әрқайсымыздың отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жылды көңілді қарсы алайық!