Шумақ саны
Атырау қаласы • №35 мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Темірғалиева Ағила Серікқызы
Тақырып
М. Мақатаев — «Қара өлең»
Сабақ түрі
Семинар (талдау, зерттеу)
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі (шешендік өнер)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Ақынның өмірі мен өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралап, саралау.
- Мәнерлеп оқу және жаттау дағдыларын қалыптастыру.
- Өлеңді теориялық тұрғыдан талдай білуге үйрету.
Дамытушылық
- Сөйлеу тілін дамыту, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы қалыптастыру.
- Ауызша және жазбаша түрде еркін, шешен, көркем сөйлеуге баулу.
- Ойлау қабілетін, байланыстырып сөйлеуін, салыстыра талдау дағдыларын жетілдіру.
Танымдық-тәрбиелік
- Өз бетінше ізденуге және ой қорытуға дағдыландыру.
- Отансүйгіштікке, тіл мен сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.
- Адамгершілік қасиеттерді нығайту.
Қолданылатын ресурстар мен әдістер
Көрнекілігі
- Ақын өмірінен естеліктер
- Фотосуреттер
- Арнайы дайындалған слайдтар
Әдіс-тәсілдері
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Жатқа оқу
- Өлеңге теориялық талдау
Сабақ барысы
Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша талқылау сұрақтары:
- Қожа түбінде «адам болатын бала» ма?
- Әңгімені жазуда автордың негізгі ойы қандай?
- Қожаның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқауға болады?
- Майқанова апайдың сөзі арқылы Қожаның болашағы туралы не ойлайсыңдар?
Жаңа сабаққа кіріспе
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын».
М. Мақатаев
Ақын өзін өзгеден биік қоймағанымен, келешек ұрпақ Мұқағалидың айрықша дарын иесі екенін танып отыр. Оның тағдырында бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген: бағы — өлмес жыр тудыруы, өтірік өлеңге бармауы, ойлау мен өрнектеудің классикалық биігіне көтерілуі; соры — өз қоғамы мен ортасына сыймай, қиындық көріп, еңбегінің өз дәуірінде лайықты бағаланбауы.
«Қара өлең» ұғымы: қысқаша теория
Өлшемі
Қазақтың қара өлеңі көбіне 11 буынды болып келеді.
Ұйқасы
Көбіне 1, 2, 4-жолдары ұйқасып, 3-жолы еркіндеу келеді.
Табиғаты
Қара өлең — ауыз әдебиетінің бір саласы, авторы — халық.
«Өлең» атауы қыпшақ тіліндегі «ұма» сөзімен байланыстырылып, сөздердің бір-бірімен ұласуы, үйлесуі, ұйқасуы деген мағына береді деп түсіндіріледі. «Қара» — әлемнің бастапқы қалпы, түп негізі туралы түсінікпен астасады. Табиғатқа таңдану, әділетті аңсау, сұлулыққа сүйсіну сияқты сезімдерді бір шумақ қара өлеңге сыйғызу — халқымыздың сөз мәдениетіне тән ерекшелік.
Зерттеу бөлімі: ортақ талқылау
Бұл сабақ зерттеу сипатына құрылғандықтан, әрқайсымыз алдын ала ізденіп келдік. Енді кім нені анықтады — соны ортаға саламыз. Тақтадағы слайдтарға сүйеніп, қажетті сауалдарға жауап береміз.
- 1 «Әр өлеңі — бір әлем» (слайдтар арқылы талдау)
- 2 Тіл және сөз өнері: Р. Ғамзатов, Ә. Тәжібаев пікірлері (слайд)
Салыстыру сұрағы
Бұған дейін осы тақырыпта кімдердің шығармаларын оқыдық? Қандай ортақтық пен ұқсастық байқадыңдар? І. Жансүгіров — «Ана тілі», М. Жұмабаев — «Қазақ тілі».
Практикалық жұмыс
Жатқа оқу
Оқушылар өздері жатқа білетін Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Семантикалық карта
| Мұқағалидың өлеңдері | Негізгі тақырып | Сенің пікірің |
|---|---|---|
| … | … | … |
| … | … | … |
Сатылай кешенді талдау (үлгі)
- Авторы
- Тақырыбы
- Жанр түрі
- Идеясы
- Шумақ саны
- Тармақ саны
- Бунақ саны
- Ұйқас түрі
- Әдеби-теориялық ұғымдар
- Негізгі түйін, тәрбиелік мәні
Қорытынды
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…»
Мұқағали өлген жоқ — ол халқымен бірге жасайды. Ақын жырларын оқымайтын адам кемде-кем. Оның сөзі көпке үлгі, өнеге, өсиет. Оразақын Асқар айтқандай, жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады. Өйткені халықтың жыры да, пірі де — Мұқағали.
Үй тапсырмасы
Мәнерлеп жаттау
Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.
Шағын шығарма
«Тіл құдіреті» тақырыбында шағын шығарма жазу; өлеңдегі теңеу сөздердің жасалу жолын түсіндіру.
Кешенді талдау
Мұқағали өлеңдерінің біріне толық кешенді талдау жүргізу.
Сабақ соңында бір өлең әнімен орындалып, қорытынды жасалады; оқушылардың жұмысы бағаланады.